- 05 нау. 2024 01:44
- 235
Қыс кереметі (сыныптан тыс іс-шара)
Тақырыбы: «Қыс кереметі»
Мақсаты: Балалардың табиғатты тамашалап, қыс қызықтарын айтып беруге, суреттеуге үйрету. Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Көрнекі іс - әрекеттік, сөздік - логикалық, ойлау әрекеттерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. Оқушыларды шапшаңдыққа, икемділікке, ұжыммен жұмыста ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, белсенділікке тәрбиелеу. Сөздік қорларын арттыру
Формасы: сайыс
Әдісі: топтық, көрнекілік, сұрақ - жауап, сөздік
Ұйымдастыру кезеңі: Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі 3 «Д» сыныбы оқушылары арасында өткелі отырған «Қыс кереметі» атты сайысқа қош келдіңіздер.
Кіріспе: Қыс. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. «Қыстың көзі қырауда» деген халқымыздың тамаша сөзі осы бір мезгілді айна - қатесіз баян¬дап тұрғандай немесе Абайдың «ақ киімді, денелі, ақ сақалды…» деп келетін өлең жолдары да қыстың басқа жыл мезгілдерінен ерекшелігін паш етеді. Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымға тән сейіл - серуені де болады. Жазда адамдар суға шомылып, күнге қыздырынса, қыста шаналарын арқалап, биік жоталарға, тау¬лы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты сәттер де – өз алдына бір әңгіме. Барлығы қыстың суықтығын емес, бейнебір жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанысады. Биік қыраттан төмен қарай аппақ қардың үстінде ізін қалдыратын шанасымен ызғиды.
Қаңтар айының алғашқы күндері, міне, осындай қуанышты шақтарға толы. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, осындай көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын мезгілдің кереметтері туралы сайысымызды бастаймыз.
Шын жүйріктер сыналады жарыста
Жарыстың ба орта жолда қалыспа
Әділқазы бағалайды сіздерді
Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?- деп бүгінгі сайысымыздың әділ қазылар алқасымен таныс
болайық:
Оқу ісінің меңгерушісі:
Бастауыш сынып мұғалімдері:
Сайысқа қатысушылар:
3 «Д» сынып оқушылары
Ал енді сайысымыздың жоспарымен таныс болыңыздар:
1 - айналым. «Біз білеміз...» (құрастырылып шыққан сурет бойынша білетіндерін айту)
2 - айналым. «Біз жырлаймыз...» (қыс мезгілі туралы тақпақтар айту) 3 - айналым. «Біз тапқырмыз...» (жұмбақтар шешу)
4 - айналым. «Біз ақынбыз...» (өлең құрастыру)
5 - айналым. «Біз айтамыз...» (сурет бойынша мәтін құрастыру) 6 - айналым. «Біз шеберміз...» (топтың атын түрлі түсті қағаздардың көмегімен аппликациялау) 7 - айналым. «Қыс қызығы» (стикерлер арқылы өз ойларын жинақтап қорытындылау)
Сайысымызды бастамас бұрын оқушыларды топқа бөліп алайық. (Шырша мен аққаланың суреттері бейнеленген төсбелгінің біреуін таңдап алып, соның атауы жазылған топқа орналасу)
- Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер - деп білім сайысымыздың бірінші айналымына кезек береміз.
1 - айналым. «Біз білеміз...» Әр топқа сурет қиындылары беріледі, 1 минут уақыт ішінде қиындылардан тұтас сурет құрастыру керек және сол сурет бойынша білетіндерін айту қажет. (тұтас сурет: аққала мен шырша) Аққала мен шырша туралы видеоролик көрсету
2 - айналым. «Біз жырлаймыз...» Қыс мезгілі туралы тақпақтар айту және айналымның шарты бойынша бірінде айтылған тақпақты екіншісі қайталауға болмайды.
3 - айналым. «Біз тапқырмыз...» Әр топқа жұмбақтар беріледі, сол жұмбақтардың дұрыс жауабын табуы керек.
1. Ақ сақалды атаны - ай,
Мінезінің шатағы - ай (Қыс)
2. Бес ін, бес іннің,
Аузы бір ін. (Қолғап)
3. Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ желеді,
Аузы жоқ ұлиды. (боран)
4. Жазда болмайды,
Қыста болады.
Терезеге қонады,
Әсем ою ояды (қырау)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.