Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Ормандағы өрт
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас, Таным, Шығармашылық
Кіші сала: Көркем әдебиет, орыс тілі, ағылшын тілі, экология, мүсіндеу.
Тақырыбы: Ормандағы өрт
Мақсаты: Табиғатта қауіпсіздік ережесін сақтауға үйрету. Табиғат аясында өзін - өзі ұстау мәдениетінің дағдыларын қалыптастыру. Бала бойында сөйлеу және тыңдай білу, сұраққа жауап беру қабілеттерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: ағаштардың макеті, жанған орман, саңырауқұлақ, емен жаңғақтары.
Билингвалдық компонент: орман - лес, өрт – огонь

Тәрбиешінің іс - әрекеті
Таңертеңгілік шеңбер.
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
Сәлем саған, Жер ана!
Сәлем саған, Нұрлы күн!
Аман - есен болайық
Бейбітшілікті қалайық.
Әңгімелесу
Балалар, күздің соңғы күндері. Мен сендерге орманға серуенге баруға шақырамын, барасыңдар ма?
Орманға барар алдында біз сендермен орманда өзін ұстау ережелерін есімізге түсірейік:
1. Шулама;
2. Ағаштардың бұтақтарын сындырма;
3. Гүлдерді жұлма;
4. Саңырауқұлақтарды баспа;
5. От жақпа;
6. Жалғыз орманға барма.
Онда кеттік, жай жүрмейік. Тақпақ айтайық:
Бір, екі, үш, төрт, бес,
Аяқты басамыз тез тез.
(ширма ашылады жанып кеткен орман). Кірпі орманда тамақ іздеп жүреді. Балаларды көріп қашып кетеді.
Тәрбиеші: Орманға, не болды екен? Кірпі де қашып кетті. Енді қайттық? (осы кезде қағаз ұшып келеді). Тәрбиеші әңгімені оқып береді:
Біздің орманға дем алуға адамдар келді. Олар ағаштың көлеңкесінде дем алып, балық
аулап, доп ойнайды, тамақ пісірді. Кетер кезде отты сөндіріп, қоқыстарды жинап үйлеріне қайтты. Орманды тазалап кетті. Бірақ, адамдар бір кішкентай шоқты байқамапты. Ол шөптің арасына домалап кетіпті. Бір ағаштан екіншіге, одан үшіншіге солай бүкіл орманды аралады. Орман жануарлары қашып кетті, бірақ ағаштар орындарынан қозғала алмайды, от оларды жандырып жібереді. Жанған орман екеуміз қалдық – мен және менің анам. Анам қатты қүйіп қалды, мен оны тастап кете алмадым. Көмектесіңдер, қыс келіп қалды, тамақ жоқ. Бізге ұйқыға жатуға керек. Кірпі.
Тәрбиеші: Балалар, кірпілерге көмек берейік пе? Онда бірінші орманды тазалайық:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама