Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Қысқа мерзімді сабақ жоспарлар (әдебиеттік оқу 4 сынып)
Сабақ тақырыптары:
1. Сырым шешен
2. Бала би мен Сырым
3. Даудың шешімі
4. Кінәлі аяқтар


Әдебиеттік оқу 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Кінәлі аяқтар
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық, адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту.
Оқыту нәтижелері: 1. Топтағы және командадағы бірлескен жұмыс барысында қарапайым сөйлеу дағдыларын қолданады.
2. Мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.
3. Суретпен жұмыс жасауды үйренеді.
Сабақтың барысы:
Мұғалімнің іс - әрекеті
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін «Шаттық шеңберін» жасатып, бір - бірімізге жақсы тілек тілейміз.
Жыл мезгілдеріне байланысты топқа бөліп, топ ережесін еске түсіремін.
Үй жұмысы
«Ыстық орындық» әдісі арқылы үй жұмысын сұраймын.
Оқушыларға сыни тұрғыдан ойлану үшін «Блиц турнир» сұрақтары беріледі. Берілген сұрақтардың әрбірінен сабақтың жаңа тақырыбы шығады.
Мағынаны тану
Оқулықтағы мәтінді іштей оқытамын
Ой қозғау
А. Бейнелеуші топ.
Мәтінді рөлге бөліп оқу?
Ә. Іздеуші топ. Дау неден шыққан жерін тауып оқыңдар?
Б. Сөз тапқыш топ. Мәтіндегі мағынасы түсініксіз сөздерді табыңдар?
Ой қозғау
«Фишбон» әдісі. бойынша тапсырмалар орындайды.
«Сергіту сәті»
Оқушыларды сергіту үшін билетемін.
Ой түйіндеу үшін жаға сабақты қорытып, әр топқа сұрақтар қоямын.
Үйге тапсырма
Мәтінді оқып келу, бақылау.
Бағалау
Критерийлер бойынша топпен жиынтық баға шығарамын.
Рефлексия
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Сабақ соңында қандай әсер алдың?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама