Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 9 сағат бұрын)
Қош бол, Бастауыш!
Тақырыбы: «Қош бол, Бастауыш!»

Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, сәт - сапар тілеу,
3. Білім берген ордасы - мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
І жүргізуші: - Армысыздар, ардақты ата - аналар, құрметті ұстаздар!
ІІ жүргізуші: - Қайырлы күн, қадірменді ата - аналар!

І жүргізуші:
- Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар, ата - аналар,
Бастауышпен қоштасу тойымызға!

ІІ жүргізуші:
- Қош бол, құтты бастауышым
Алғыстарым көп менің
Ақыл - білім тәрбиең
Ой - санама еккенің.

І жүргізуші:
Бүгінгі «Қош бол, бастауышым!» атты мерекемізге қош келдіңіздер!
ІІ жүргізуші:- Осыдан 4 жыл бұрын, яғни 2009 жылдың 1 – қыркүйегінде мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп - кішкене балғын бүлдіршін бұл күнде қандай болды екен?

І жүргізуші:- Содан бері 4 жыл уақыт өтіпті. Сол бүлдіршіндер қазіргі таңда бойлары да өсіп, бастауышта білім нәрімен сусындап, орта буын табалдырығын аттағалы отыр. Талаптарыңа нұр жаусын!

ІІ жүргізуші:- Қадамдарыңа гүл бітсін деген тілекпен, бүгінгі бастауыш сынып бітірушілерді сынып жетекшілерімен ортаға шақырамыз!
І жүргізуші: 4 «А» сыныбы сынып жетекшісі: --------------
ІІ жүргізуші: 4 «Б» сыныбы сынып жетекшісі: --------------
І жүргізуші: - Бүгінгі «Қош бол, бастауышым!» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
Гимн орындалады.
ІІ жүргізуші:
- Көктем келіп, көк бүршігі тұр көктеп
Көк бұлақтар таудан құлап дірдектеп.
Тау тұлғалы, көктем нұрлы ұл - қызды,
Тәрбиелеп шығарады бұл мектеп! - дей келе, мерекемен құттықтау сөз мектеп директоры ----------------------------------------- беріледі.

Оқушы: 4А
Армысың мектебім, алтын ордам,
Жарқырар ұлы - ғылым, үміт алдан.
Жалғасқан тарих үні бүгінгідей,
Армысың киелі ордам білімдегі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама