Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Танысу, түсіну тренингі
1 сыныпқа арналған «Танысу, түсіну» тренингі

«Танысу, түсіну» тренингі
Мақсаты: Сынып оқушыларының бір – бірімен тереңірек танысуына мүмкіндік беру, адамгершілікке тәрбиелеу

Жаттығу кезеңі
Дәстүрлі емес амандасу

Әдістері мен техникасы
Жаттығу

Мазмұны
Біздер күнделікті қалыптасып қалған амандасу түрлеріне тәуелдіміз. Жаңа эмоция тудыратын қызықты дәстүрлі емес түрлерін ойлап тауып, қолданайықшы:
Сергіту сәті
- Алақаныңның сыртымен қол беріп амандасу;
- Аяқтың ішкі жағымен;
- Тіземен;
- Иықпен;
Өздеріңнің ұсыныстарыңды қолданып көрейік
Жаттығу
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанамыз бәріміз,
Арайлап атқан күнге!

Күлкілі болудан қорықпау
Біздің жақсы қасиеттеріміз
Ойын
Көп адамдар басқа адамдардың алдында күлкілі, ерсі болып көрінуден қорқады, үнемі сақтанып жүреді. Келесі ойын осы қорқынышты жеңуге көмектеседі. 2 топқа бөлінеді: Бірінші топ сөз не сөз тіркесін жасырады. Екінші топтан бір адам шығып, бірінші топ оған сол сөзді сыбырлап не жазып көрсетеді. Ол өз тобына сол сөзді ым – ишарамен, мимикамен бейнелеп көрсетеді. Достары оны табуға тиісті. Сөз күлкілі, қызықты болса, ым – ишара да күлкілі болса, балалар риясыз шын ниетпен ойнайды да, күлкілі болудан қорықпайды.
Жапсыру
Біздің бойымызда әр түрлі, көптеген жақсы қасиеттеріміз бар. Соны оқушылармен бірге талқылау. Күн сәулелерінде жапсыру.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама