Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
"Керқұла атты Кендебай" ертегісі
Сабақтың тақырыбы: «Керқұла атты Кендебай» ертегісі
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Ертегіні қаншалықты меңгергенін байқау. Кендебай бейнесін аша отырып, кейіпкерлер туралы түсінік беру. Өткен тақырыптармен байланыстыра отырып, әдебиеттен алған білімдерін жетілдіре түсу.
ә) тәрбиелік: Кендебай бейнесі арқылы адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу. Оқушы бойына ерлік, батылдық қасиеттерді дәріптеу.
б) дамытушылық: Мәтінмен жұмыс істеуге, өз пікірін қорғауға дағдыландыру. Әдебиетке қызығушылығын ояту.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой салу, көркем оқу.
Көрнекілігі: слайд, мақал - мәтелдер, сызбалар.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, қазақ тілі.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, оқу - құралдарын сабаққа әзірлеу.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау.
1.»Аяз би» ертегісінен теріп жазып келген мақал - мәтелдерді оқыту;
1) Адам тілі тас жарады, тас жармаса бас жарады.
2) Аға өлсе, іні – мұра.
3) Біреуге ор қазба, өзің түсерсің.
2. Тақтаға жазылған сұрақтарға жауап алу.
1) «Аяз би» ертегінің қай түріне жатады? (Шыншыл ертегі)
2) Ертегінің негізгі идеясы не? (Ел билеу, ел басқару жайы)
3) Ертегінің басты кейіпкерлері кімдер? (Жаман, Мадан хан, Меңді сұлу.

ІІІ Жаңа сабақ. Тақтадағы суреттерге қарай отырып, «Керқұла атты Кендебай» ертегісінің мазмұнын мына жоспар бойынша әңгімелеу.
1. Кендебайдың дүниеге келуі.
2. Мергенбай батырдың баласымен кездесуі.
3. Кендебайдың малшы болуы.
4. Алтын құйрықты құлын.
5. Ханның шарты.
- Балалар, ертегі сендерге ұнады ма? Қалай ойлайсыңдар бұл ертегінің қай түріне жатады?
- Балалар, сендер Кендебайға ұқсағыларың келеді ме? Кендебайдың қандай қасиеті көбірек ұнады? Қазіргі жастарда осындай қасиет бар ма?
ІV Топтастыру стратегиясы. Кендебай бойында қандай жақсы қасиеттер бар?
Кендебай – адал, жанашыр, қайырымды, мейірімді, айлалы.
- Адамның жақсы қасиеттері туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?

V Мәтінмен жұмыс.
1. Ертегіден Кендебайдың адамгершілігі туралы жазылған абзацты табыңдар.
2. Кендебай мен қойшы бала арасындағы диалогті оқыту.
- Барлық қиял - ғажайып ертегілерде батыр, ер жүрек кейіпкерлердің серігі, тұлпары болады. Кендебайдың Керқұла аты да (Алып анадан туады, тұлпар биеден туады» демекші өте ерекше. «Ер қанаты – ат» дейді халық. Кендебайдың мақсатына жетуіне Керқұла аты көмектеседі. Бұл жағынан «Керқұла атты Кендебай» ертегісі біз оқыған ертегілердің ішінде қай ертегіге ұқсайды?(«Ертөстік» ертегісіне)

VІ Сергіту уақыты.
Мына сөздердің «Керқұла атты Кендебай» ертегісіне қатысы бар болса, қол көріңдер. Жеті басты дәу. Гауһар тас, Шыншыл ертегі. Қойшы бала. Қиял - ғажайып ертегі. Жер асты. «Айрылғырдың суы, айырыл». Ақылды жар. Алып арыстан. Қырық уәзір. Алтын құйрық.

VІІ Қорытынды. Қиял - ғажайып ертегілерде халық арманы, қиялы суреттеледі. «Керқұла атты Кендебай» ертегісінде халық арманын қай жерден көруге болады? Халық қатігез, мейірімсіз жау күштерін жеңетін, елін, халқын сүйетін батырлардың көп болуын, барлық адамдардың Кендебай сияқты жанашыр, мейірімді болғанын армандайды. Ел тыныштығын, халық бірлігін қалайды.
VІІІ Бағалау.
ІХ Үйге тапсырма: Ертегіні оқу, адамгершілік туралы 10 мақал жаттау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама