Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
"Үздік биологтер“ сайысы
Сабақ тақырыбы: ”Үздік биологтер“ сайысы
Сабақтың мақсаты: Өткен тақырыптардан алған білімдерін жинақтай отырып оқушылардың ой - өрісін дамыту. Оқушылардың логикалық ой - өрісін жетілдіре отырып өз ойларын анық айқын жеткізу дағдысын қалыптастыру.
Қоршаған ортаны қорғауға тірі тіршілік иелеріне қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс.
Сабақтың әдіс - тәсілі: пікір - талас, сұрақ - жауап
Көрнектілігі: кестелер, суреттер

Сабақтың барысы:
Сайыстың жоспары: 1 Таныстыру.
2 Менен сұрақ, Сіздерден жылдам жауап. (Топ басшысы 1 минутта 10 сұраққа жауап беру керек)
3 - Білім минуты. ( биологиялық диктант)
4 - Орнын тап.
5 - Биологиялық эстафета.
6 - Ой толғау.

Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді асыл халқым,
Арта берсін абырой, атақ даңқың
Ұстаздар аман ба екен құрбы - құрдас
Сыныптас бірге оқып болған сырлас.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Үздік биологтар» сайысына қош келдіңіздер.

Шеберлікті, білімді
Саралап сіздер көріңіздер,
Әділ баға беріңіздер.
(Әділ қазылар алқасы сайланады.)

Жарыс заңы ежелден.
Жеңімпазды анықтау,
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену жалықпау.
Сәт сапар тілеп бәріңізге,
Сайысты біз басталық.
Көрсетіп өнерлеріңізді,
Қалмаңыздар жасқанып.
Жүргізуші: Басталар сайыс енді жоспармен,
Достарым отырсын ба елеңдесіп
Ата – салты, баба дәстүр жолыменен
Алайық біз әуелі сәлемдесіп
1 Ендеше, сайысымыздың 1 - бөлімі "таныстыруға " кезек берелік./ әр топ өздерін таныстырады./

Ән: « Құстар келді.»
Білімділер болады әркез алда,
Тез жауап бер ойланып тұрып қалма.
2 "Менен – сұрақ, сізден жылдам жауап ” бөліміне кезек келді.
Әр топ басшысы ортаға шығып 1 минутта сұраққа тез, әрі дұрыс жауап беру керек. 7 сынып оқушыларынан құралған

”Ақ көгершін“ тобы.
Бытыранықтар тобына (дүниесіне не жатады)(бактериялар)
Вирус қандай мағына береді (у)
Ұсақ ағзаларды зерттейтін ғылым?(МИКРОБИОЛОГИЯ)
Өлі ағзада өмір сүретін бактерия? (сапрофиттер)
Саңырауқұлақты зерттейтін ғылым? (микология)
Майқұлақ қандай саңырауқұлақ? (жеуге жарамды)
Таста өсетін қына?(қаспақ қына)
Ғарыштық зерттеуге қолданылған балдыр? (Хлорелла)
Тас көмір түзілген өсімдік? (хлорелла)
Қырықбуын деп неге аталған? (сабағы өте көп буыннан тұрады)

8 - сынып оқушыларынан құралған ” Сұңқар ” тобы.
1 - Жасушаның құрылысы мен қызыметін зерттейтін ғылым? (цитология)
2 - Ұлпаның 4 түрін атаңыз? (дәнекер, эпителиий, бұлшықет, жүйке)
3 - Ішкі секкреция бездерінен бөлінтін сұйықтық? (гормон)
4 - Ұйқы безі бөлетін гомон? (инсулин)
5 - Жүйке жасушалары? (нейрон)
6 - Нейронның ұзын өсіндісі? (аксон)
7 - Орталық жүйке жүйесіне не жатады? (ми мен жұлын)
8 - Мидың орташа салмағы? (1300 - 1400)
9 - Сезім анализаторларын ата? ( иіс, дәм, есту, көру)
10 - Тірек - қимыл апаратына не жатады? (қаңқа бұлшықеттері)
3 -“Білім минуты“ кезеңі (бұл кезеңде екі топқа екі түрлі биологиялық диктант беріледі)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама