Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Гүл, жеміс және тұқым
Сабақтың тақырыбы: Гүл, жеміс және тұқым
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: Өсімдіктің тұқым арқылы көбеюі туралы түсініктерін тереңдету.
ә) дамытушылығы: Оқушылардың дүниетанымын, ақыл - ойын, пәнге деген қызығушылығын дамыту.
б) тәрбиелілігі: Оқушыларды табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: еңбекке баулу, әдебиеттік оқу
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, ой қозғау, ойын, түсіндіру, венн диаграммасы, т. б.
Көрнекілігі: слайдтар, жеке суреттер, дидактикалық материалдар.

Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.
Бүгін бізде ерекше,
Сабақ болып жатыр ғой.
Тәртіп, оқу деңгейін,
Ұстаздар көріп отыр ғой.
Ал тәртіпті болайық,
Жақсы оқып әр күнде,
Білім керек әркімге.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, қорыту.
1.«Күзде жапырақтар неге сарғаяды және түседі?» мәтінінен түсінік айту.
2. Сұрақ - жауап:
- Жапыраққа жасыл түс беретін зат қалай аталады?
- Күзде жапырақтың түсі неге өзгереді?
- Жапырақ неге түседі?
- Жерге түскен жапырақтардың, қураған шөптердің қандай пайдасы бар?
- Күз мезгіліне байланысты өлеңдер білеміз бе?
3. Кепкен жапырақтан жасалған жұмыстар.

ІІІ. Жаңа сабақ
«Ойлаудың алты қалпағы» әдісі.
1 - қалпақ: - Ой қозғау
Жұмбақтар шешу

Біреуін бердім,
Онын тердім. (тұқым)

Аласа терек
Күлтеленген жалына,
Ұнаса керек,
Моншақ таққан малына. (тары)
Жүзін орап гүлменен,
Күнге қарап телмірер.
Тіспен шағып,
Тілменен
Дәмін татқан ел білер. (күнбағыс)

Ой шақыру
- Тұқым деп нені айтамыз?
- Тұқым арқылы не істейді?
- Өсімдіктер тұқым арқылы қалай көбейеді?

2 - қалпақ: -«Ненің тұқымы?» дидактикалық ойыны
Жемістер мен тиісті тұқымдарды сәйкестендіру
3 - қалпақ: - Оқулықпен жұмыс
1. Мәтінді оқып, түсіндіру.
2. Оқушыларға іштей, тізбектей оқыту.
3. Сұрақ - жауап

4 - қалпақ: - Сергіту сәті
Біз гүлдерше өсеміз,
Жапырағы жайқалған
Сабақтары салалы,
Желмен бірге ырғалған.
5 - қалпақ: - Дәптермен жұмыс
1. Тақырыпты жазу
2. Өсімдіктің тұқым арқылы көбеюін көрсететін сызба құрастыру
Тұқым --- тамыр --- сабақ --- жапырақ --- гүл --- жеміс
6 - қалпақ: - Қорыту.
Венн диаграммасы
шырынды
құрғақ

ІҮ. Үйге тапсырма.
Ү. Бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама