Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Құқықтық сауаттылық - заман талабы
(Ересектер тобы)
Білім саласы: «Әлеуметтік орта»- қоршаған орта.
Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: Құқықтық сауаттылық - заман талабы

Оқу іс әрекетінің мақсаттары:
Білімділік: Ата заңымыз туралы мағлұмат беру, оның атқаратын рөлі туралы түсінік беру, өз құқықтарын қорғай білуге үйрету, ата заңды құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжанды
лыққа, өз Отанын сүюге, ата - анасын жасынан қадірлеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: балалардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, заңды білуге және сыйлайтын тұлғаны қалыптастыру.
Инклюзивті әлеумет стратегиясы бағытын ұстану, өз – өзіне сенімділікке, қайсарлыққа тәрбиелеу.
Тәрбиелік: Заң алдындағы жауапкершілікке тәрбиелеу, Қазақстан рәміздерін құрметтеуге, Қазақстан Республикасын қорғауға, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Достық, жолдастық қарым - қатынасқа тәрбиелеу.
Оқу іс әрекетінің көрнекілігі: Көрме ұйымдастыру, Қазақстан рәміздері, Астана суреттері, слайд: «Атыраудың тарихи ескерткіштері»
мақал - мәтелдер тізбегі.

Сөздік жұмыс: Ата заң, құқық, конвенция.
Ұйымдастыру кезеңі: «Шаттық шеңберінен» басталады.
Құшақтасып, қане, біз.
Дос болайық, бәріміз,
Армысың алтын күнім,
Армысың достарым,
Сіздермен кездескеніме қуаныштымын.

Тәрбиеші: - балалар, 30 тамыз күні конституция күні - ата заңымыздың қабылданған күні. Қай мемлекет болмасын оның ұлты, рәміздері, заңы болады. Адам дүниеге келгеннен кейін оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын
Ата заңымыз қорғайды. Бізде әрбір бала білім алуға, емделуге құқығы бар.
Адамның құқығы дегеніміз – адам мүддесін іске асырып заң арқылы қорғалған тәртіптік шара. Адам өз құқықтарын пайдаланып қана қоймай өз міндет - терін орындау қажет. Заңдарға бағыну қажет, рәміздерді құрметтеу қажет.
Ал, балалар Қазақстан Республикасының қандай рәміздерін білеміз?
Балалар: - Ту, елтаңба, әнұран. Енді рәміздердің ерекшеліктерін әңгімелейік. Ұйымдастырылған көрме бойынша жүріп, сұрақтар қойылады.
Тудың түсі, пішіні қандай? Ондағы суреттер нені білдіреді?
Елтаңбаның пішіні, түсі қандай? Онда нелер бейнеленген?
Әнұран қандай ән? Қалай аталады? Авторлары кімдер?
Балалар жеке - жеке шығып сипаттама береді.
Балалардың жауаптары тыңдалады. Тәрбиеші толықтырып, нақты жауаптарын айтуға ықпал етеді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама