Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Құстардың жазғы тіршілігі
Алматы облысы, Әле ауданы, Өтеген батыр кенті,
№7 орта мектептің бастауыш пәні мұғалімі
Сүюндікова Жанат Бекқожақызы

Құстардың жазғы тіршілігі (1 – сынып)

Сабақтың тақырыбы: Құстардың жазғы тіршілігі
Білімділік мақсаты: Оқушыларға құстар туралы олардың жазғы тіршілігі мен пайдасы туралы түсіндіру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың белсенділігін, ой - өрісін, қызығушылығын, сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Құстарды қорғауға қамқоршы болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Табиғат туралы сызба, құстардың тіршілігі жазылған таспа, құстардың суреттері, компьютер, интерактивті тақта.
Әдісі: Ассоциация, жұмбақ шешу, әңгімелесу, Венн диаграммасы, түсіндіру, сұрақ - жауап, Раунд - Робен.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Психологиялық дайындық
2. Ой шақыру ( тірек - сызба арқылы оқушылардың табиғат туралы білімдерін ортаға салу)

1 - таблица.
Табиғат

Өлі табиғат → жер, су, ауа, күн, топырақ, жұлдыз
Тірі табиғат → адамдар, өсімдіктер, жануарлар

Ой қозғау:
Жұмбақтар шешу арқылы “құстар” сөзіне ассоциация.

Мойыны сұрақ белгісі,
Бұл қандай көл құсы? (аққу)

Екі айыр құйрығы,
Қияқ мұрт қанатты,
Ұшқырлардың жүйрігі (қарлығаш)

Кеудесі қайқаңдап,
Жүреді байпаңдап. (қаз)

Шуға бөлеп жағаны,
Қанаттарын қағады,
Айдын судың түлегі,
Шабақ іліп жүреді. (шағала)

Күн шықпастан шақырып,
Қуырады апшыны.
Шырт ұйқыда жатқанда,
Оятады ащы үні. (қораз)

Құстар

Аққу, шағала
Қараторғай, қарлығаш
Қаз, үйрек, қырғауыл
Тоқылдақ, үкі

Құстарды үш топқа бөлеміз: су құстары, орман, құстары, үй құстары. Тірі табиғатқа жататын жануарлардың ең маңызды тобы құстар болып есептелетінін айту.
Оқушылармен құстар жайлы әңгімелесу. Қысқаша түсінік беру, пайдасы, тіршілігін сұрау.
Оқулықпен жұмыс.
1. Мәтінді оқып беремін
2. Сөздік жұмысын жүргіземін
3. Мәтіннің астындағы сұрақтарға жауап алу
4. Оқушыларға тізбектеп оқыту
5. Түсінігін сұрау
Бейнетаспадан құстардың қалай пайда болатыны, тіршілігі, немен қоректенетіні, адамдардың құстарға қамқорлығы табиғатқа зиян келтіруші кейбір адамдардың жағымсыз әрекеттерінен қорғау жайлы бейнефильм көрсету. Оқушылардың не көргендері жайлы сұрақ, әңгімелесу.
Сергіту сәті: «Ұшты - ұшты» ойыны
Дәптермен жұмыс
Мақсаты: Оқушыларды ізденімпаздыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу, есте сақтау қабілетін арттыру

Өзіндік жұмыс: «Венн диаграммасы»
Диаграмма сызылған парақ таратылады.
Үй құстары → түйетауық, тауық, қаз, кептер
Дала құстары → үкі, бүркіт, жапалақ, шағала
Ортақ қасиет → ұшады, қанатты, жұмыртқа, балапан

Тұжырымдау: барлық құстардың ортақ қасиеті - олар ұшады, қонады, қанатты, мамықты, тұмсықты, жұмыртқалайды, балапан басады. Ал айырмашылығына келсек құстардың дене көлемі, пішіні, тұмсығы, түсі, дыбыстары, тіршілік етуі бір - біріне ұқсамайды.
Компьютермен жұмыс: «Бұл қай құстың дыбысы?» (Компьютерден белгілі бір құстың дыбысы беріледі. Егер оқушылардың жауабы дұрыс болса компьютер оны растап, сол құстың бейнесін көрсетіп шапалақтайды. Оқушыларда риза болады).
Раунд - Робин әдісімен сабақты қорытындылау.
Раунд - Робин әдісі бойынша оқушылар сабақтан не өтілгенін, не көргенін, сабақ мақсатына жетті ме деген тұжырымдарға өздері баға беріп, қорытындылайды, бірақ жауаптар бірін - бірі қайталамауы тиіс.

Үйге тапсырма: «Құс» сөзіне 5 жолды өлең құрастырып келу. Тақырыпты оқып түсінік айту.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама