Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады
Балалар сылдырмақтың көмегімен 1 қатармен залға кіргізеді. Балаларды 1 қатарға сапқа тұрғызады. Амандасады. Тік тұрыңдар! Түзеліңдер! Оңға бұрылып, саппен жүріңдер! Нұсқаулықты орындатады. Аяқ ұшымен жүреміз, қол белде. Өкшемен жүреміз, қол желкеде. Саппен жүреміз. Жәй жүгіреміз, қатты жүгіреміз. Сапқа тұрғызады. 1 - 2 деп санатып, 2 қатарға бөліп тұрғызды.
Жалпы дамытушы жаттығуларын орындатады.

«Қара жорға» әуеніне орындатады.
Б. қ. Аяқ арасы сәл алшақ, қол белде, иықты алға, артқа қозғау. (6 рет қайталау)
Б. қ. Оң аяқты алға созып, оңға қарай иіліп, қолды бүге, саусақтарды қозғау. (6 рет қайталау)
Б. қ. Сол аяқты алға созып, оң қолды жоғары көтере, сол қолды алға соза, сол қолды, оң қолға тигізу. (6 рет қайталау)
Б. қ. Аяқты бірге ұстап, қолды 2 жаққа соза, иықты қозғау. (6 рет қозғау)
Б. қ. Аяқты айқастыра тұрып, қолды белге ұстап, иықты алға, артқа қозғау.(6 рет қайталау)
Ендеше бүгінгі оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы: «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» демекші, сендерге қазақтың ұлттық ойындарының түрлері - мен таныстырайын.
(Слайдтан ұлттық ойындардың түрлері көрсетіледі).

Ұлттық ойын түрлері:
«Аламан бәйге» ойыны
«Қыз қуу» ойыны
«Асық ату» ойыны
«Алтыбақан тебу»ойыны
«Тақия тастамақ» ойыны
«Арқан тарту» ойыны
«Күш сынасу» ойыны
(Тосын сый). Есік қағылды. Балалар қонаққа Бай мен Алдар Көсе келіпті.
- Сәлеметсіздер ме балалар?
- Сәлеметсіздер?
Бай: Алдар Көсе екеуміз сендердің балабақшаларына қонаққа келіп едік. Осы балабақшада қазақтың ұлттық ойыны болып жатыр деп естіп едік халықтан. Бізде ұлттық ойындарына қатысып ойнағымыз келіп тұр. Бізді ойнатасыздар ма?
Алдар Көсе: Ендеше екеуміз бәс тігейік. Қай топ жеңетін болса, сол бәстескен заттарымызды қалдырып кетеміз. Жарайды.
Бай: Қойындағы дорбасын алып, ортаға қояды.
Алдар Көсе: Қолындағы домбырасын ортаға қояды. Балаларды 2 топқа бөлді.
1 - топ «Байдың» тобы, 2 -топ «Алдар Көсенің» тобы.

Қазақтың ұлттық ойындарының бірі «Арқан тарту» ойыны.
Ойын шарты: Арқанның ортасынан қызыл матамен байлайды. Арқанның 2 жақ шетінен балалар ұстап тартады. Қай топ арқанды өз жағына тартып алса, сол топ жеңіске жетеді. Арқанды тартқан кезде 1 бала құлап қалса, құламаған топ жеңіске жетеді. Әрі қарай ойын осылай жалғаса береді.

2 - ойынымыз «Күш сынасу»
Ойын шарты: Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады. 2 бала шынтақтарын столға тірек қол бастарын айқастырады. Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді. Әрі қарай ойын осылай жалғаса береді.
Ендеше бүгінгі сайыста Бай мен Алдар Көсенің топтары ойынға жақсы қатысты. Алдар мен Бай бізбен қоштасқалы тұр. Олар тағыда осындай жарыстарға қатысуға асығып тұр екен. Сау болыңыздар балалар. (Екеуі қоштасты.)
Балалар енді тыныс алу жаттығуын орындайық.
Қанеки қолдарымызды 2 жаққа созып, жоғары көтере, мұрынымызбен терең тыныс алып, қолды төмен түсіре, ауызбен демді шығарамыз.
Бүгін бізге кімдер қонаққа келді.
Қандай ұлттық ойындармен таныстыңдар.
Қандай ұлттық ойындарын ойнадыңдар! Сендер бүгінгі оқу іс - әрекетіне жақсы қатыстыңдар! Осымен оқу іс - әрекетіміз аяқталды.
Сау болыңыздар!

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Баутин ауылы
"Ақбота" балабақшасы дене шынықтыру нұсқаушысы
Ермекбаева Аманкул Ерсайынқызы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама