Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Қиылысқан түзулер. Перпендикуляр және көлбеу
Қиылысқан түзулер. Перпендикуляр және көлбеу
Геометрия 7 сынып
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
Қиылысқан түзулер туралы түсінік беру; перпендикуляр және көлбеу теоремасымен танысу, оны дәлелдей білуге үйрету; Сызбаларын сала білуге, теоремаларды есептер шығару барысында қолдана білуге дағдыландыру;

Сабақтың басы Қызығушылықты ояту
1. Тікбұрыш жасап қиылысқан екі түзу қандай түзу деп аталады?
2..“ ┴ “ таңбасымен нені белгілейміз?
3. Перпендикуляр дегеніміз не?
4. Көлбеудің анықтамасын сипаттаңдар
5. Көлбеудің проекциясы дегеніміз не?
6. Перпендикуляр туралы теореманы сипаттау
7. Қандай жазықтықтар перпендикуляр жазықтықтар деп аталады?
Сабақтың ортасы
Тікбұрыш жасап қиылысқан екі түзу перпендикуляр түзулер деп аталады.“ ┴ “ таңбасымен белгілейміз және АВ ┴ СД,, АВ түзуі СД түзуіне перпендикуляр дегенді білдіреді және солай оқимыз.
АС - перпендикуляр.
С - перпендикуляр табаны.
АВ - а түзуіне перпендикуляр емес
АВ - көлбеу. В - көлбеудің табаны
СВ түзуі АВ көлбеуінің проекциясы.
Дескриптор:
Суреттегі перпендикуляр, табаны. көлбеудің табаны, көлбеуінің проекциясын табады.

┴ ажыратады
Ой тоқтам» кезеңінде «Кім жылдам?» ойыны
1. Жазықтықтағы кез - келген түзумен тік бұрыш жасай қиылысқан түзу.
(Перпендикуляр)
2. Жазықтыққа жүргізілген перпендикуляр емес түзу. (Көлбеу)
4. Перпендикулярдың және көлбеудің жазықтықтағы табандарын қосатын кесінді. (Көлбеудің жазықтықтағы проекциясы
5. Нүктеден жазықтыққа түсірілген перпендикулярдың ұзындығы (Қашықтық)
6. Перпендикуляр, көлбеу, проекция құрайтын үшбұрыш.(Тікбұрышты)
7. Перпендикуляр, көлбеу, проекцияны байланыстыратын теорема.(Пифагор)
Дескриптор:
Сөздің мағынасы қай фигураның атына сәйкес келетінін анықтайды
Оларды ажыратады

2 - тапсырма Оқулықпен жұмыс
- дәптерге есептерді шығару,
- әртүрлі сызықтарды сызу тс. с.
Дескриптор:
1. Дәптерге есептерді шығарады.
2. Әріп элементтерін көркем етіп жазады

Сабақтың соңы
Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты айтады.
Сұрақ - жауап тестісі.
Өзара тікбұрыш жасап қиылысатын түзулер қалай аталады?
(Перпендикуляр. )
Ішкі тұстас бұрыштардың қосындысы неге тең? (180 )
Өзара қиылыспайтын түзулер қалай аталады? (Параллель. )
Тікбұрыш жасап қиылысқан түзулердің әр бұрышы неше градусқа тең? (90 )

Тарғап ауылындағы орта мектеп МДШО КММ
Мұғалімнің аты-жөні: Ш.Б.Камалова

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама