Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
С дыбысы мен әрпі
С дыбысы мен әрпі
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сауат ашу.
Мақсаты: Мнемокестемен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Білімдік: С әрпімен таныстыру, с дыбысының айтылу ерекшелігін өздеріне анықтату.
Дамытушылық: қосып оқуға үйрету; өткен дыбыстарды қайталата отырып, ойлау қабілеттерін жетілдіру; қауіпсіздік ережесін сақтаудың маңыздылығын түсіндіру.
Тәрбиелік: қоршаған ортаны сүйе білуге, әдемілігін сезіне білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: алаңқайда бейнелеуге қажетті ойыншықтар - сыртына буындар жазылған сары түсті гүлдер, сона, сиыр, жылан; доп, сирағы бар кішкентай тақта, оқуға арналған жылжымалы жолақтар, мнемокесте.
Билингвальды компонент: әріп - буква, ауызша – устный.

Мотивациялық – қозғаушылық
Жылулық шеңбері
Достарым, кең тұрыңдар,
Бақыт сырын ұғыңдар.
Қол ұстасып, күлімдеп
Шаттық шеңбер құрыңдар.
«Сөз ойла» дидактикалық ойыны
Мақсаты: өткен дыбыстарды қайталату,
педогог бір дыбысты айтып, допты бір балаға береді. Доп алған бала сол дыбыстан басталатын сөз ойлап айтады да, допты тәрбиешіге қайтарып береді. Осы ретпен ойын жалғасады.

Ұйымдастырушылық - ізденістік
Жаңа тақырыпқа кіріспе
Жұмбақ
Тырс - тырс етеді,
Құлағынан өтеді.
Балалар енді мына суретке назар аударайық? Сұрақ - жауап.
- Балалар, жазды сағындыңдар ма? Ендеше, қиялымызбен жазғы алаңқайға барып, біраз демалып келейік.
Балаларды топтың басқа шетіне, кілем үстіне бастап барады. Үстел үстіне ойыншықтармен алаңқай бейнеленген - өсіп тұрған сары гүлдер, жайылып жүрген сиырлар, гүлдерге, жерге қонып отырған соналар, елеусізде жерде жатқан жылан.
- Алаңқайда өсіп тұрған гүлдердің түсі қандай?
- Қандай мал жайылып жүр?
- Ал, мынау қонып отырған не?
- Ойланып көріңдерші, «сары, сиыр, сона» сөздері қандай дыбыстан басталады?
- Дұрыс айтасыңдар, барлық сөздер [с]
дыбысынан басталады.
Фонетикалық жаттығу
Алаңқайға барайық,
Айналаға қарайық.
Жыландар кеп қалмасын,
Бізді шағып алмасың.
с - с - с - с - с - с
Назарларын жыланға аударады:
- Далада қыдырып, ойнап жүргенде сақ болу керек екенін ешқашан ұмытпаңдар. Жыландар өте қауіпті болады. Олардың қандай дыбыс шығаратынын тағы бір рет айтыңдаршы.
Айнаға қаратып [c] дыбысын қайталатып айтқызады, дыбысты айтқан кездегі тіл қалпына назарларын аударады, сұрақтар қояды:
-[c] дыбысын айтқанда тіліміз қандай қалыпта болады?
- Яғни, [c] дыбысы қандай дыбыс?
-[c] дыбысын қандай дөңгелекпен белгілейміз?
Балалардың жауаптарын қадағалайды,
С әрпімен таныстырады, әріпті ауаға жаздырып, неге ұқсайтынын айтқызады.

Павлодар облысы, Екібастұз қаласы
Балабақша тәрбиешісі
Умарова Самал Калижановна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама