Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 апта бұрын)
Қиысу
Жатқанда елің еркін, азат болып,
Ешкімге жүрмеу үшін мазақ болып,
Өз халқыңның тілі мен тарихын біл, жұртын таны,
Сонда сен көгересің қазақ болып
Сабақтың тақырыбы:

Қиысу
Жұлдыз болып жаныңдар, оқып білім алыңдар!
Тәуелсіз еліміздің білімді ұрпағы болыңдар!

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: сөздердің байланысу түрлерін таныту, жасалуы мен ерекшеліктері жайлы білім беру:
2. Тәрбиелік: оқушылардың белсенділігін арттыру, бірін - бірі сыйлауға, отаншылдыққа тәрбиелеу;
3. Дамытушылық: оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін жетілдіру, алған білімді қолдана және талдай білуге үйрету.
Сөздердің байланысу түрлері.
Грамматикалық белгілері.
Сөздердің байланысу тәсілдерімен байланыс.
Заңдылық (ереже)

Қиысу.
Сөздердің байланысу түрлері
Баяндауыштың бастауышпен жақ жағынан үйлесе байланысқан түрін қиысу дейміз.
Қиысу – бастауыш пен баяндауыштың арасындағы жақ жағынан байланыс. Ол – сөйлемнің негізі екі жақты байланыс арқылы көрінеді. Сөздердің жіктеліп барып қолданылуы қиысу болып табылады. Мысалы: Ашынған әйел мән – жайын айтады.
Мысалы: Біз оқушымыз. Сендер студентсіңдер. Мен жазушымын. Олар бірінші космонавттар. Сіз оқытушысыз. Мен оқыдым. Біз оқыдық. Бұл — Шолақсай,

І жақ: мен оқи - мын ----------------- біз оқимыз
ІІ жақ: сен оқи - сың ------------------ сендер оқисыңдар
сіз оқи - сыз ----------------------------- сіздер оқисыздар
ІІІ жақ: ол оқи - ды -------------------- олар оқиды
Мысалдар арқылы талдау
Мен кеншімін. Біз кеншіміз.
Бақыт мектепке келді.
Өткірдің жүзі, кестенің бізі.
Өрнегін сендей сала алмас. (Абай)
Шаңғышылар тауға қарай жүрді.

«Астана» тақырыбына ой толғау.
“Ауылым – алтын бесігім”
Сөйлемді жалғастырып мәтін құра: Білім - адамның қанаты.

Мақалдардың жалғасын тап
Ата балаға....
Ерлік білекте емес,...
Ақыл – тозбайтын тон,...
Ата балаға.... (сыншы).
Ерлік білекте емес,... ( жүректе).
Ақыл – тозбайтын тон,
... (білім таусылмайтын кен).

Кітаппен жұмыс
227 - жаттығу
229 - жаттығу
Венн диаграммасы
Байланысу тәсілдері ---------- Ұқсастығы ---------- Байланысу түрлері

Поэзия сәті
көріп жүрмін,
еріп жүрмін,
ақтау үшін
сеуіп жүрмін.
“Келісу - келіспеу” стратегиясы

Жіктік жалғаулы сөз - мектепте
Бастауыш сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі
Дауысты дыбыстар саны жетеу
Әдемі – етістік болып табылады.
Сөздердің байланысу тәсілдері 4-ке бөлінеді
Сөздердің байланысу түрлері 2-ге бөлінеді.
Тіл дыбыстарын зерттейтін сала морфология
Антоним дегеніміз сөздің ауыспалы мағынасы

“Ой қозғау” стратегиясы
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі
“Топтастыру”
Үйге тапсырма: 230 - жаттығу

Тілеймін халқым амандық,
Келмесін басқа жамандық.
Шапағат нұрға шомылып,
Биікке ұмтыл ғаламдық!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама