Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Шаршы салу және периметрін табу
математика
Сабақтың тақырыбы: Шаршы салу және периметрін табу.
Сабақтың мақсаттары:
1. Шаршы салудың алгоритмін көрсетіп беру, шаршының периметрі туралы түсінікті тиянақтай түсу және табу.
2. Есептерді түрлендіру және оны салыстыру.
3. Өрнек құру және мәнін табу, шамалар мен амалдар жүргізу сияқты мәселелерді тиянақтай түсу, кестелік қосу мен азайту дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: ауызша есептеулер, сұрақ - жауап, жеке оқушылармен жұмыс, өзіндік жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, үлестірмелі қима қағаздар, суреттер.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Ал, балалар, біз өткен сабақта тақырып өттік?(Тік төртбұрыш салу және оның периметрін табу.)
- Тік төртбұрыш дегеніміз не? (Қарама - қарсы қабырғалы төртбұрыш.)
- Фигура периметрін қалай табамыз? (Барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысын периметр дейміз.)
- Біз бүгін осы тақырыпты әрі қарай жалғастырамыз.
Алдымен үй тапсырмасын тексеріп алайық, үйге қандай тапсырма берілді? (№4, тапсырмалардың жауабы тақтаға жазылды. Дұрыс жауапқа оқушылар таблоға белгі қояды.)
№4. 27+58=85;
58 - 29=29;
0+58=58;
58 - 0=58
ІІІ. Жаңа сабақ. 1) Ауызша есептеулер.
а) 3 оқушы тақтада жұмыс жүргізеді.
(9+4)- 5*12; Х+8=15;
ә) Қалған оқушылар орнында жүргізеді (тек жауабын ғана дәптерге жазады.)
9 онд.- 2онд.=*онд.;
50+30=*
70 - 40=*
(Ауызша есептеулер тексеріліп, таблоға белгілер қойылады.)

2. Ойын «Кім жылдам?».
- Дымбілмеске мына тапсырмаларды шығаруға көмектесейік. (әр қатарға мысалдар жіберіледі, сол мысалдарды 2 минут ішінде шығару керек. Бірінші шығарған топ оқушыларының жұмыстары тексеріледі.)
3. Сергіту сәті.
4. Оқушылар дәптерлерін ашып, күн ретін жазады.
а) Графикалық диктант. (Бір оқушы тақтада орындайды, қалғандары орнында отырып орындайды.)
Дәптеріңдегі торкөз сызықтарының түйіскен жеріне нүкте белгіле. Сол нүктеден оңға қарай 4 торкөз санап ал да, тағы да бір нүкте белгіле. Белгіленген әр нүктеден төмен қарай 4 торкөз санап ал да, тағыда екі нүкте белгіле. Дәптер сызықтары бойымен нүктелерді кесінділермен қос.

□ 2см Сонда қандай фигура шықты? (шаршы)
Оның шаршы екенін дәлелде және қабырғаларын өлшеп, дәптерге жаз.
(Барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш шаршы деп аталады.)
ә) Оқулықпен жұмыс. №2(жеке жұмыс). Қабырғасы 3 сантиметрге тең шаршы сыз, периметрін тап. (орындап болған оқушы таблоға өз белгісін қояды.)
б) Өзіндік жұмыс (15 - 20минут).
(Әр оқушының жұмысы тексеріліп, таблоға өздері белгілейді.)

ІV. Сабақты қорыту. Оқушыларды бағалау.
VІ. Үйге тапсырма. №6.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама