Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Рахмет саған, Әліппе!
Ертеңгілік. 1 - сынып
Тақырыбы: «Рахмет саған, Әліппе!»
Мақсаты: Оқушылардың Әліппе пәнінен меңгерген білімдерін, жетістіктерін көрсету. Алфавитті,
дыбыстарды, мәтіндер мен өлеңдерді еске түсіру, қайталау. Әсемдікке тәрбиелеп, білімге
деген ынтасын арттыру. Татулыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мақал - мәтелдер, оқушылардың шығармашылық жұмыстары, шарлар, гүлдер, әріптер
жазылған қағаздар, жалаушалар

Ертеңгілік барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық даярлық.
Сахна төрт бөлікке бөлінген. 1. «Білім» аралы
2. «Қазына» аралы
3. «Өнер» аралы
4. «Болашақ бүгіннен басталады.»
Саяхатшылар әр аралға қонаққа барады. Әр аралды және саяхатшыларды бір оқушыдан басқарады.

Мұғалім сөзі: Құрметті ата - аналар мен ұстаздар! Бала біздің болашағымыз, еліміздің ертеңгі ел
тізгінін ұстар ұрпағымызды жақсылыққа баулып, бойына ізгілік нұрын, білім шуағын
беру ата - аналар мен ұстаздар міндеті. Соның бір көрінісі бүгінгі «Рахмет саған, Әліппе!»
ертеңгілігін тамашалаңыздар!
1. «Теңізшілер» биі
Капитан: - Теңізшілер! Бүгін біз жолға шығамыз!
Теңізшілер: - Қайда сапарға аттанамыз?
Капитан: - Өзіміздің «Әліппе» кемемізбен «Білім» теңізіне қарай сапарға шығамыз. Ең алдымен «Білім» аралына барып Сүлеймен патшамен жүздескеннен кейін, «Қазына» аралына аттанамыз. Сонан соң «Өнер» аралына қарай саяхатқа шығамыз. Саяхатымыз сәтті аяқталса «Болашақ» аралына қадам басамыз! Ендеше, достарым, сапарға аттандық!
«Әліппе» кемесіне мінген саяхатшылар жолға шығады. («Теңізшілер» әуені ойналады)
Сүлеймен патша мұзтаулардың орнын ауыстырып, ойланып жүреді.
Теңізші: - Сүлеймен патшаны қараңдар! Мұзтаулармен ойнап жүр.
Капитан: - Амансыз ба, Сүлеймен патша? Не істеп жүрсіз?
Сүлеймен патша: - Жол болсын, теңізшілер! Қайда сапар шектіңіздер?
Капитан: - «Білім» аралына бармақшымыз.
Сүлеймен патша: - Менде «Білім» аралына бармақшы едім. Мына мұзтаулардың орындары ауысып кетіпті. Соларды орын - орнына қоюға көмек беріп жіберіңдерші.
Капитан: - Әрине, көмек береміз, Сүлеймен патша!
Бір оқушы мұзтаулардың орындарын ауыстырып орналастыру арқылы сөз құрайды.
Отан, ана, мектеп сөздері шығады.
Сүлеймен патша: - Рахмет сендерге, теңізшілер! ( Музыка ойналады.)
Саяхатшылар «Білім» аралына келіп тоқталады.
Сүлеймен патша: - Балалар, «Білім аралына» қош келдіңіздер! Сендер бұл аралда Әліппе оқулығынан нені меңгергендеріңді түсіндіріп, игерген білімдеріңді көрсетесіңдер!
«Білім аралында» әр топқа жеке – жеке тапсырмалар беріледі.
1 - топ Дауысты дыбыстарды жазу А, ә, е, е, и, о, ө, ү, ұ, у, ы, і, э, ю, я - 15
2 - топ Дауыссыз дыбыстарды жазу Б, ң, ғ, қ, һ, х, з, щ, ш, г, н, к, ц, й, ф, в, п, р, л, д, ж, т, м, с, ч (ъ, ь) 25 әріп, 2 белгі
3 - топ Қазақ алфавитін жазу 40 әріп, 2 белгі ( Уақытқа шектеу қойылады)
Топтар жұмыстарын аяқтаған соң, тақтаға іліп, оқиды. Жіберген қателіктер болса, оқушылар түзетеді.
Хор: «Жарқын жүзді ұстазым!»
Сүлеймен патша: - Рахмет, сендерге, жас теңізшілер! Сапарларың сәтті болсын!
(Сахнаны бір айналып шығады.)
Су перісі моншақтардың орнын ауыстырып, ойнап жүреді.
Теңізші: Су перісін қараңдар! Моншақтармен ойнап жүр!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама