Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 9 сағат бұрын)
С дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: С дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. С дыбысы және әрпімен таныстыру.
2. Көркем етіп жазуға үйрету.
3. Буындап немесе тұтас оқу машығын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, суреттер.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру
Пәнаралық байланыс: дүниетану.
Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру.
Сабаққа зейінін аудару.
Күндей жадырап,
Айдай арайлап
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөп - мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, білімді тексеру.
1) Б дыбысы қандай дыбыс?
2) Суретпен жұмыс.
3) Сөздерге буындық, дыбыстық талдау жаса.
Бота, ботақан, балапан.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ: Жұмбақ шешу.
Суретпен жұмыс
- Балалар мына сандықтан көзімізді жұмып заттарды алып, атын атап сөйлем құрайық.
Сағат сөзіне буындық, дыбыстық талдау жасау.
« С» дыбысын бөліп алып, хормен дыбыстату.
С - ның әріп таңбасымен таныстыру. Баспа түрі - С с Жазба түрі - С с

Ү. Жаңа білімді тексеру:
1) Суреттен нелерді көріп тұрмыз?
С дыбысының сөздің қай жерінде жазылатынын айтқызу.
2. Хормен баған түрінде жазылған сөздерді оқыту.
Сана, сағат, самал, бас
Саба, сабақ, маса, дос
3) Бітеу буындарға ұқсас буындарды қосып оқыту.
Сап - сапта ---------------- аш - ашпа ------------------- сал - салма
Қап - қапта --------------- қаш - қашпа ----------------- қой - қойма

Ү. Жаңа білімді бекіту1 Сұраулы сөйлем туралы мағлұмат беру, жауап беруге үйрету.
- Сара қайда? - Асан сағат қайда?
- Ол сабақта. - Сағат қалтамда.
Сергіту сәтін өткізу.
Сара келіп сабақтан,
Сан шаруаны тындырды:
Самауырға салатын
Сексеуілді сындырды.
Сазан балық қуырды,
Сауды сары сиырды.
1. Дәптермен жұмыс.
2. Үлгі бойынша С әрпін жазып үйрену.
3. Әріп диктантын жазғызу. Мм, Дд, Бб, Сс.
ҮІ. Сабақты қорытындылау: Бүгін қандай әріппен таныстық?
Екі қатар ұлдың және қыздардың есімдерін айту.
ҮІІ. Үйге тапсырма беру.
С әрпін жазып келу.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама