Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы кейіпкерлер келбеті
11 сынып
Сабақтың тақырыбы: С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы кейіпкерлер келбеті
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: С. Торайғыровтың шығармашылығының идеялық - эстетикалық мұраты мен табысына тоқталу. Романның негізгі оқиғаларын басшылыққа ала отырып, кейіпкерлер бейнелерін сомдау;
Тәрбиелік: Кейіпкерлердің іс - әрекеті арқылы адамгершілікке, мейірімділікке, білімге ұмтылуға, сана - сезімінің өркендеуіне тәрбиелеу.
Дамытушылық: Жеке тұлға ретінде оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін дамыту. Шебер де шешен, өткір сөйлей білуге машықтандыру;
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақ типі: іздендіру сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, баяндау, мәтінмен жұмыс, талдау,, тұжырым кестесі, проблемалық сұрақ.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгелдеу, дайындығына назар аудару.
2. Үй тапсырмасын сұрау. С. Торайғыров. «Қамар сұлу» романының кейіпкерлерінің бейнесін ашу.
С. Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы. Сұрақ - жауап кезеңі:
• Ақын өмір сүрген жылдар?
• Ақынның біліммен сусындаған Білім Ордалары туралы баянда.
• Ақынның қандай жинақтары жоғалып кеткен?
• Ақын поэмаларын атаңдар.
• Алаш ардагерлері туралы не білесің, оның ақын өмірінде қандай орны болды?
• «Таныстыру» поэмасы арқылы ақын кімдерді таныстырады?
• «Айқап» деген сөз қандай ойға жетелейді және Сұлтанмахмұттың қандай мақалаларын білесіңдер?
• Сұлтанмахмұттың қандай романдарын білесіңдер?
• «Қамар сұлу» романы көтерген әлеуметтік мәселе қандай?
• Шығарма неліктен «Қамар сұлу» деп аталған?

3. Үй тапсырмасын бекіту мақсатында С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романының мазмұны жағынан талдау жұмысын орындалады.
Әр бөлімге қысқаша сипаттама беру тапсырылады.
1 - бөлім. «Жігітті ел мақтаған қыз жақтаған...»
2 - бөлім. Сүйіспеншілік сезімнің қарлығаштары
3 - бөлім. Күндестік оты жанғанда
4 - бөлім. Жорға Нұрым. Омбы асқан Ахмет
5 - бөлім. Қырын келген құдалық
6 - бөлім. От ортасында ойрандалған Омар
7 - бөлім. Қайғыдан қан жұтқан Қамар
8 - бөлім. Зұлымдық - надандықтың басты белгісі
9 - бөлім. Құрбандыққа шалынған жастар

4. Үй тапсырмасын қорыту мақсатында «Романнан алған әсерім» оқушылар ой бөліседі.

5. Жаңа сабақ.
- Міне, балалар, біз роман мазмұнымен таныстық. Енді романдағы кейіпкерлердің іс-әрекетіне қарап, жан-жақты ой саралап көрейікші.
6. Жаңа сабақты бекіту мақсатында шығарманы кейіпкерлер әлеміне талдау жүргіземін.
1. Шығармадағы адамдардың тұрмыстық жай - күйлері қалай берілген? Әңгімеле
2. Роман кейіпкерлеріне талдау жаса
3. Нұрым - қандай адам?
4. Қамар мен Ахметтің қосылмау себебі неде?
5. Сол замандағы бақсы - балгерлердің іс - әрекеті романда қалай берілген?
7. Проблемалық сұрақ. Романда кездесетін қарама - қайшылықтар осы заманда кездесе ме? Кездессе, қандай түрде? Неліктен «қатігездік - надандық белгісіне» саналады?
Қазіргі заман туралы (ауызша) ой толға.
8. Тапсырмалар. Көркем шығарма мәтінімен жұмыс.

С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы кейіпкерлер келбеті. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама