Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Жұмбақтар елі (сыныптан тыс зияткерлік ойын)
Жұмбақтар елі (сыныптан тыс зияткерлік ойын)
Мақсаты: Оқушылардың оқу барысында алған білімдерін нығайту. Сайысқа деген қызығушылықтарын арттырып, ойлау шапшаңдықтарын дамыту. Ұйымшылдыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: топтық сайыс
Көрнекілігі: суреттер, слайд, сөзжұмбақ, жұмбақтар.

Сабақ барысы:
І. Кіріспе сөз
Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгін «Жұмбақтар елі» атты сыныптан тыс зияткерлік ойынымызды бастаймыз. Алдымен жұмбақ деген қайдан шыққан ұғым екеніне тоқталмас бұрын маған мына сұраққа жауап беріңдерші:
- Халық ауыз әдебиетіне нелер жатады? (ертегілер, аңыздар, өтірік өлең, мысалдар, жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал - мәтел, шешендік сөздер, төрт түлік туралы жырлар т. б.)
Жұмбақ - ауыз әдебиетінің бір түрі. Ол адамның бір нәрсенің белгілерін екінші нәрсенің белгілері арқылы жұмбақтап айту өнері. Жұмбақ тақпақтап, ұйқастырылып айтылады. Ол ертеден келе жатқанмен әр уақытта халық оның жаңа түрлерін ойлап шығарып отырған. Жұмбақ туралы Мұхтар Әуезов былай деген екен: «Жұмбақ - адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді».
Жұмбақ - қарым қатынас жасаудың ерекше бір құралы. Жұмбақты шешу, оны ойлаудың өзі де өнер. Олай болса осы сайысымыз арқылы өз өнерімізді, білімімізді ортаға салайық.
- Балалар, өздерің түсінгендей бүгінгі сабақ сайыс сабақ түріне өтеді. Сайысқа қатысуға екі топ келіп отыр. Олар өздерін таныстыра жатар. Енді осы екі топқа әділ бағаларын беретін әділқазы алқаларымен танысайық:
Мектеп психологы
Бастауыш әдістемелік бірлестігінің жетекшісі
Бастауыш сынып мұғалімі

-«Жұмбақтар әлемі» атты сайысымыз мынандай кезеңдерден тұрады:
І кезең. «Таныстыру» (әр топ - топ аты, ұраны және сәлемдесуімен таныстырады.)
ІІ кезең. «Құпия сөздер» (Сөзжұмбақтың жауабына әр топ мақал - мәтел құрастырады.)
ІІІ кезең. «Полиглот» (Жұмбақтың жауабын орыс және ағылшын тілдеріне аудару керек.)
ІV кезең. «Жасырынбақ» (екі топ өздері дайындап келген 5 жұмбақ жасыру)
V кезең. «Ойна да ойла ( суреттегі бейнені қимыл - әрекет, ым - ишарамен топ басшысына түсіндіру.)
Ал енді әр тапсырманың дұрыстығын әділқазы мүшелері тексеріп, өз ұпайларын береді. Оны сайыс соңында білеміз. Ендеше, сайыскерлерге «іске сәт» демекпін.

І кезең. Таныстыру.
Енді топ мүшелерімен танысуға көшейік. (әр топ - топ аты, ұраны және сәлемдесуімен таныстырады.)
Алғырлар Тапқырлар
Ұраны: Жарыс десе жанамыз, Білекті бірді жығады,
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз. Білімді мыңды жығады.
Сәлемдесу:
Қиындықтан қашпаймыз. Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз Көрсетеміз бізде қандай күш барын,
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз, Алға қойған мақсатымыз бір екен.
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз. Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

ІІ кезең. «Құпия сөздер»
Бұл тапсырмада берілген сұрақтарға жазбаша әр торкөзге бір әріптен кезекпен кезек орналастырасыңдар, сөзжұмбақтың қою сары түстегі сөзге байланысты мақал - мәтел құрастырасыңдар. Неғұрлым көбірек мақал айтсаңдар, соғұрлым ұпайларың да көп болады.

ІІІ кезең. «Полиглот»
- Мен сендерге жұмбақ жасырамын. Жұмбақтың жауабын орыс және ағылшын тілдеріне аудару керек.
1. Сыртта - арқаңда, Сыныпта - партаңда. (сөмке, сумка, a bag)
2. Білерімнің куәсі, Білмесімнің куәсі.
Іші толған қолтаңба, Алып шығам әр таңда. (күнделік, дневник, a diary )
3. Есек құлақты, Мысық аяқты. Түйе ерінді, Ешкі құйрықты. (қоян, заяц, hare)
4. Сөз үйретсең қайталайды. Өздігінен айта алмайды. (тоты құс, папугай, parrot)
5. Өзі дана, Үні жоқ. Сөйлемейді, Тілі жоқ.
Қолыңа алсаң - шешен,
Ақылы асқан көсем. (кітап, книга, book)
6. Бұтақта ілініп тұрамын, Піскенде себетке құладым. (Алма, яблоко, apple)
7. Қылдай белі бүгілген,
Өзінен де жүгі үлкен. (Құмырсқа, муравей, ant)
8. Шәкіртке жанашыр, Мейірман кім, жаны асыл. (мұғалім, учитель, teacher)
9. Төрт аяқты чемодан, мүйізі бар қадаған.
Естімейді, сөйлейді, Ішіндегі көп адам. (теледидар, телевизор, TV)
10. Адамға серік, Күзетке берік. (Ит, собака, dog)

Жарма ауданы, Қалбатау ауылы
«Георгиевка орта мектебі»КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Улыбаева Бакыт Алимхановна

Жұмбақтар елі (сыныптан тыс зияткерлік ойын). жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама