Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 апта бұрын)
Сабақтас құрмалас сөйлем тақырыбы бойынша өткенді қайталау
Сабақтың тақырыбы: «Сабақтас құрмалас сөйлем» тақырыбы бойынша өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың сабақтас құрмалас сөйлемдер бойынша алған білімдерін бекіту. Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру;
2. Оқушылардың жазу, талдау машықтарын қалыптастыру, есте сақтау қабілетін, сөздік қорын, талдау және салыстыра білу дағдыларын арттыру, танымдық қабілеттерін дамыту;
3. Оқушыларды еңбекті сүюге, қазақ тілінің сөз байлығын оқушыларға жеткізу арқылы тілді құрметтеуге тәрбиелеу;
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: өткен тақырыпты қайталау.
Болжамдаған нәтиже: оқушылар сабақтас құрмалас сөйлемнен алған білімдерін жаттығу барысында қолдана алады. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін ажыратып, сұрақтар қою арқылы сөйлем мүшелеріне талдай алады.
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызба, интерактивті тақта
Сабақтың әдісі: СТО технологиясының стратегиялары

Сабақтың жоспары:
I Ұйымдастыру кезеңі
II Өткен тақырыпты қайталау
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой -
Бес асыл іс көнсеңіз!- деп Абай атамыз айтқандай осы бес асыл іс
Сабағымыздың жақсы өтуіне көмегін тигізеді деп ойлаймын.
2. «Сиқырлы ұяшықтар»- сұрақ - жауап (теориялық білімін тексеру)
3. Сәйкестік тест
4.«Білімділер ордасы»- сөйлем мүшелеріне талдау.
5. Ст. «Семантикалық кесте»
6. Сызба бойынша сөйлем құрастыру.

«Венн диаграммасы» стратегиясы

IV. Сабақты қорытындылау және оқушыларды бағалау.
1. Ст.«Венн диаграммасы»
2. Өзін - өзі бағалау арқылы, оқушыларды бағалау.

V. Үйге тапсырма
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен сәлемдесу
б) Оқушыларды түгелдеу

II. Өткен тақырыпты қайталау.

1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой -
Бес асыл іс көнсеңіз!- деп Абай атамыз айтқандай осы бес асыл іс сабағымыздың
жақсы өтуіне көмегін тигізеді деп ойлаймын.

2.«Сиқырлы ұяшықтар» Тор көздегі сандарды таңдау арқылы, сұрақтарға жауап беріп, мысалдар келтіру.
1. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
2. Құрмалас сөйлемнің неше түрі бар?
3. Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
4. Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
5. Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
6. Қимыл - сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
7. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
8. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

3. Сәйкестік тест - құрмалас сөйлемнің екінші сыңарын табу.

1. Сапалы білім алу үшін, (біз осындағы ескерткішті тамашаладық).
2. Бірлік болмай, (балаларды білімге, еңбекке, адалдыққа шақырады).
3. Биік төбеге шықсаң, (туған халқы үшін қызмет етеді).
4. Оқуға екі кезеңде қабылдағандықтан, (сабақтан себепсіз қалмаған жөн).
5. Арман бірінші кезеңнен өткен соң, (тірлік болмас).
6. Ыбырай Алтынсариннің қай шығармасын алсаң да, (екі рет тест тапсыру керек).
7. Абылайхан алаңына барып, (ауылына барып қайтты).
8. Ыбырай жеті жылдық мектепті бітірген соң, (көзің ашылады).

4. «Білімділер ордасы»- сөйлем мүшелеріне талдау.

1. Балалар таңдаған мамандықтарын дұрыс меңгерсе, өзіне де, елге де пайдасын тигізер еді.
2. Мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіріп болған соң, әр түрлі тапсырмалар орындадық.
3. Қазіргі оқушылар бүгінде еліміздің тұтқасы болып, білімді де білікті азамат болу керек.
4. Мен Абайдың өлеңдерін жаттап алғандықтан, кез – келген өлеңін жатқа айтып бере аламын.
Сабақтас құрмалас сөйлем тақырыбы бойынша өткенді қайталау жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама