Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Салалас құрмалас сөйлемнен өткенді қайталау
Қазақ тілі 8 класс
Сабақ тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлемнен өткенді қайталау
Жалпы мақсат: Салалас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары туралы ұғым беру. Өтілген материалдарды қайталай отырып, оқушылардың алған білімдерін жүйелеу, бекіту, алған білімдерін еске түсіру.

Міндеттері: Білімділік: Салалас сөйлем және оның түрлері жөнінде білімдерін тереңдете отырып, практикада салалас түрлерін құрмалас сөйлемнің басқа түрлерінен ажырата білуге жаттықтыру.
Дамытушылық: Түрлі тапсырмаларды орындау негізінде оқушының жеке тұлғалық қабілетін ашу;
Тәрбиелілік: Ана тілін сүюге, қадірлеуге; адамгершілікке тәрбиелеу.
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: Салалас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдарын қайталайды. Өтілген материалдарды қайталай отырып, алған білімдерін жүйелейді, бекітеді, еске түсіреді.
Негізгі идеялар: Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез

Психологиялық ахуал туғызу
Сергіту сәті
Топқа бөлу.
«Көпір тапсырмалары»
( өткен сабақты еске түсіру)
1. Сөйлем дегеніміз не? Ол айтылу мақсатына қарай қалай бөлінеді?
2. Сөйлем құрылысына қарай қалай бөлінеді? Жай сөйлем дегеніміз не?
3. Жай сөйлемнің түрлерін ата. Жақты, жақсыз сөйлем дегеніміз не?
4. Жалаң, жайылма сөйлем дегеніміз не?
5. Толымды, толымсыз сөйлем дегеніміз не?
6. Құрмалас сөйлем дегеніміз не? Ол қалай бөлінеді?
2. семантикалық карта

Теориясы «Білу» (кім? не? қашан? қайда? не істеді?)
Салалас құрмалас сөйлем түрлерінің шылауларын атап, ауызша мысал келтіру.

Теориясы «Түсіну» (неге? себебі? неліктен? не үшін?)
Ауызша мазмұндама «Жақсы мен жаман» әңгімесін оқып, өз топтарына қатысты сөйлем арқылы ауызша мазмұндама өткізіледі

Практикасы «Қолдану»
«Сыңарыңды тап».(Сөйлемдердің әр сыңары таратылып беріледі, бір сыңары оқылғанда, екінші сыңарын келесі оқушы тұрып оқу керек.)
1. Жақсы дәстүр ұзақ уақытта жасалады, ұзақ өмір сүреді, кейінгілерге даңғыл жол болып қалады.
2. Ұмытып қалғандарыңды еш уақытта да кітаптан іздеме, оны өзің есіңе түсіруге тырыс.
3. Мектеп бітіргендеріне біраз уақыт болды, бірақ олар өзінің ардақты ұстазын ұмытпайды.
4. Бабамнан қалған асыл бар: ол - мынау жатқан кең байтақ жер.
5. Адам ымырт кезінде ұйықтамайды, себебі сол уақытта өлім мен өмір ауысады.
6. Өмірде ешбір іске ыңғайсыз, қабілетсіз адам сирек болады, асылында әркімде бір қабілет болуға тиіс.
7. Бақтығұл інісін біресе арқасына салып арқалады, біресе қолынан жетектеп жүрді.
8. Айналаны қоршаған табиғаттың өз заңы бар, оны адамдар түсіне білуі қажет (идеясы)
Салалас құрмалас сөйлемнен өткенді қайталау жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама