Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Сан есім және оның түрлеріне шолу
Cабақтың тақырыбы: Сан есім және оның түрлеріне шолу шығармашылық жұмыс
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушылардың сан есімнен алған білімдерін тиянақтау, теориялық білімін практикамен ұштастыру.
ә) дамытушылық: деңгейлік тапсырмалар жүйесі арқылы оқушылардың ойлауын, есте сақтау қабілетін, ынтасын, белсенділігін арттыру. Танымдық тапсырмалар арқылы тапқырлық, ізденімпаздық қасиетін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу.
б) тәрбиелік: тіл өнерін құрметтеуге, сандардың қасиетін жете түсінуге, елжандылыққа, еңбекқорлыққа, тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ
Әдіс - тәсілдер: ойын элементтерін пайдалану, сұрақ - жауап, талдау
Көрнекілігі: Электронды презентация

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу. Оқу құралдарын қадағалау.
ІІ. Жаңа сабақ.
Мұғалімнің кіріспе сөзі. Құрметті оқушылар, бүгінгі сабағымыз қазақ тілі мен әдебиеті және математика пәніне ортақ шығармашылық тапсырмалар орындауға арналады.
Тіл өнері – елдігіміздің, біртұтастығымыздың белгісі. Тәуелсіздігімізге тұғырлы, еліміз еңселі болсын десек, туған тілімізге салғырт қарамай, оның мәртебесін көтеруге атсалысуымыз қажет. Бүгінгі өткелі отырған сабағымызды сан есім және сандардың қасиетін ашуды жөн көріп отырмыз. Алдымен өткен сабақта өтілген сан есім және мағыналық түрлеріне шолу жасаймыз.

Сайыс барысы:
1. Топ таныстыруы.
2. Топ басшысына зымыран сұрақтар.
3. Тест сұрақтары
4. Мақал - мәтелдер
5. Жаңылтпаш айту.
6. Жұмбақ
7. Логикалық жұмбақтар
8. Өтірік өлең шығару
9. Логогриф
10. Анаграмма
11. Бейнесөз
1 - бөлім: Топқа бөлу. Таныстыру.
1 - топ. Е с е п т і к
2 - топ. Р е т т і к

Топ басшысына сұрақтар
1. Мектепке нешінші жылы, қай айда бардың?
2. Қай жылы бірінші сыныпқа оқуға бардың?
3. Ата - анаңның нешінші перзентісің?
4. Қазір нешінші сыныпта оқисың?
5. Сыныпта нешінші қатарда отырасың?
6. Қандай мамандықты жақсы көресің?

2 - бөлім. Топ басшысына зымыран сұрақтар.
1. Күрделі сан есімнің әр сыңары қалай жазылады? (Бөлек)
2. Реттік сан есімдер араб цифрмен берілсе – ыншы, - інші, жұрнағының орнына не қойылады? (Дефис)
3. Орхон - Енесей ескерткіштеріндегі сан есімдерді мағынасына қарай нешеге бөлуге болады? (5)
4. Он жеті сөзінің көне атауы. (Йеті йегірме)
5. Орхон - Енесей ескерткіштерінде жинақтық сан есім қандай жұрнақ жалғану арқылы жасалады? ( – Егү)
ІІ топқа зымыран сұрақ.
1. Орхон - Енесей ескерткіштерінде реттік сандарға қандай жұрнақтары жалғанады? (- нті, - ынч, - інч)
2. Реттік сан есімдер рим цифрымен берілсе, жұрнақ орнына не қойылмайды? (Дефис)
3. Бір мың тоғыз жүз саны жазумен берілсе қалай жазылады? (Бөлек)
4. Жиырма үш сөзінің көне атауы. (Үч отыз)
5. Ол жиырма беске толды. Сөйлемдегі сан есім цифрмен берілгенде қалай жазылады? (Дефис)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама