Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Мақсаты: Оқушылардың білім қабілеттерін тексеру, бастауыш сынып оқушылары арасынан ХХІ ғасыр көшбасшысын анықтау.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта

Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Жүргізуші: Уа, халайық, халайық!
Бәріне жар салайық,
Бүгінгі кеш төрінде,
Білімділер елінде,
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп андысып,
Шабыт тасып, шалқысып,
Көңілді кеш жасайық,
Жұмбақ шеру шашайық
Мұнда қызық табылар,
Жұмбақ, есеп бәрі бар
Ал, сайыскер балалар,
Білімдеріңді сынайық
ХХІ ғасыр
Көшбасшысын табайық.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздерді 4 сыныптар арасында өтетін
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты сайыс сағатын көруге шақырамыз.
(Әділқазылар алқасын сайлау)
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар,
Бәрінен де бастысы – барлығының
Қатты істейтін миы бар! – дей келе, енді осы сайыскерлерімізді таныстырып өтейін.

Сайыскерлерге тілек:
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына!
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздей өренді
Ғылымдардың сырына!
Қадамдарың оң болсын,
Сәт - сапар енді тілейік!

Ойынымыз V турдан тұрады, Әрбір дұрыс жауап үшін қатысушыларға 5 ұпайдан беріледі. ІІ турдан кейін ұпайы төмен оқушылар шығып отырады
(ең соңында бір оқушы, яғни көшбасшы қалу керек )
I тур. «Бәйге»
II тур. «Сөзден сөз шығар»
III тур. «Тапқыр болсаң тауып көр»
IV тур. «Полиглот»
V тур. «Жеңімпаз»

Сайыскерлер дайын болса, сайысымызды бастайық.
І тур. «Бәйге» сұрақ – жауап.
Ақындар мен жазушылар: 20 - «Адам болам десеңіз» өлеңінің авторы? Абай.
30 – Балаларға арнап тұңғыш қазақ әліппесін жазған кім? А. Байтұрсынұлы
40 – Қазақ даласындағы « сәулелі жұлдыз» атанған көрнекті ақын? Ыбырай
Ән мен әнші:
20 – Қазақстан Республикасының гимнің әнің жазған кім? Ш. Қалдаяқов
30 –«Елімнің жүрегі» деген Алтынай Жорабаеваның әні қай қалаға арналған? Астана қаласына.
40 – Бір ән айту.
Мақал – мәтелдер: 20 – Білім туралы
30 – Еңбек туралы
40 – Отан туралы
Жалпы сұрақ: 20 - Қазақтың тұңғыш ғарышкері? Т. Әубәкіров.
30 – 120: 4 Жауабы: 30
40 - Жылқыда не жоқ? Өт жоқ.

ІІ тур «Сөзден сөз шығар» «Қазақстан» сөзінен сөздер құрастыру.

ІІІ тур «Тапқыр болсаң тауып көр»
Мақалдарды жалғастыру. 1. Өнер алды қызыл тіл.
2. Әдепті бала арлы бала,
Әдепсіз бала сорлы бала.
3. Көз қорқақ,
Қол батыр.
4. Кітапты сүйіп оқы,
Көңілге түйіп оқы.
5. Егінші жерге қарайды
Құс көкке қарайды.
6. Ақыл жастан шығар,
Асыл тастан шығар.
7. Білім инемен
Құдық қазғандай.
8. Отан оттан да ыстық.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама