Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Санның үлесі және санды үлесі бойынша табуға берілген есептерді шығару
Сабақтың тақырыбы: Санның үлесі және санды үлесі бойынша табуға берілген есептерді шығару.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: есептің жаңа түрін шешудің тәсілдері туралы білімдерін бекіту; математикалық амалдардың арасындағы өзара байланыс туралы білімдердің негізінде теңдеулерді шешу дағдыларын жетілдіру.
2. Тәрбиелік: оқушының танымдық және коммуникативтік іс - әрекет пен өздігінен білім алуға және еңбекке бейімдеу, пәнге деген көзқарасын, білімге құштарлығын қалыптастырып, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушының ақыл - ойының математикалық стилін, интеллектуалдық сезімін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
4. Жаңа технология: дамыта отырып оқыту, оздыра отырып оқыту, іс - әрекетті бағалау, тірек сызбалары және тірек конспектілері арқылы оқыту, саралап оқыту, шоғырландырып қарқынды оқыту, деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыту, сын тұрғысынан ойлау, деңгейлеп оқыту, жобалап оқыту технологиясы, ақпараттық технологиялар.
5. Техникалық құралдар түрлері: интерактивті тақта.

Сабақтың типі: аралас сабақ, жаңа білімді игеру сабағы, оқыту материалын бекіту сабағы, қайталау сабағы, материалды қорытындылау және жүйелеу сабағы, сайыс сабағы, жарыс сабағы, ойын сабағы, саяхат сабағы, әңгімелесу, сырттай саяхат сабағы.

Сабақтың әдісі: 1. Илюстрациялық түсіндіру. Оқушыларға ақпаратты әңгімелеу, лекция, семинар, коллоквиум, демонстрациялық жеткізу.
2. Репродуктивті әдіс. Білім - білік дағдыларын қайта жаңғырту арқылы білімді белсенді игерту.
3. Зерттеу әдісі. Мұғалімнің оқушыға шығармашылық тапсырма беруі, оқушылардың өз беттерімен шешіп, мәтінмен, есептер шығару, үлестірмелі материалдармен жұмыс.
4. Эвристикалық әдіс. Ішінара ізденгіштік әдіс, оқушылар мақсатты немесе міндетті мұғалімнің көмегі арқылы шешу.
5. Мақсатты әдіс. Мұғалімнің белгілі мақсатты қойып, оған жету жолын көрсетеді, оқушылар одан әрі әрекетке көшеді.

Таным қызметін ұйымдастырудың үлгісі.
1. Жекелік үлгі - танымдық қызметтер оқушының өз күшімен орындалады.
2. Жан - жақтылы - барлық оқушылар үшін жалпы міндет қойылған кезде пайдаланылады.
3. Топтық - жалпы міндеттен туындаған мақсатты шешу жолында топ түрінде әрекеттеніп, жауап топ ішінде жинақталады.
4. Ұжымдық форма - ұжым өзінің әр мүшесін немесе әр мүше өз ұжымын оқыту, тәрбиелеу, дамыту әрекетіне келеді.
Сабақтың көрнекілігі және жабдықталуы: Кестелер, электронды оқулық.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу.

1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
3. Оқушылардың білімін жан - жақты тексеру кезеңі.
4. Сабаққа мақсат қою.
5. Жаңа - сабақты түсіндіру кезеңі.
6. Жаңа сабақты қорытып, бекіту кезеңі.
7. Оқушылардың білімін бағалау.
8. Үй тапсырмасын хабарлау және орындалуы бойынша нұсқау беру кезеңі.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. а) Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлеу.
Үлкенге де «сіз»
Кішіге де «сіз»
Құрметпенен бас иіп,
Сәлем бердік «біз».
ә) Психологиялық дайындық жасау:
- Қане, балалар, қазір бізде математика сабағы. Математика сабағына дайын болу үшін не айтушы едік?
«Есептеуді білмейтін адам, түк сезбейтін надан», - дей отырып, сабаққа зейінімізді аударайық.
б) Балалар, бүгін бізде – ашық сабақ, бізге қонақтар келіп отыр.
«Келгенше қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады», - демекші, ұятқа қалмауға тырысайық.

2. Балалар, еліміз алда қандай мерекені атап өткелі отыр?
- Тәуелсіздік күні. ҚР тәуелсіздік алғанына биыл 22 жыл толғалы отыр.
- Ел рәміздерін атаңдаршы?
- Ту, Елтаңба, Әнұран. Еліміздің туының түсі қандай?
- Көк.
Туды кез - келген адамға ұстата бермейді. Мысалы, мектептің туын сыныптың үздік оқушылары ұстайды.
Ойын: «Туды ұстау құрметіне кім ие болады екен?»
Ол үшін өткенге шолу жасап, сұрақтарға дұрыс жауап берейік.
1) Көбейту амалының компоненттерін ата: 2*10
2) Бөлу амалының компоненттерін ата: 8: 4
3) 8: 2=4
6. х: 3=5
4*2=8
7. 15: х=3
8: 2=4
8. х*3=15

4) (18+22): 5 - 4
9. 5*4=20
5) 1*25=254*5=20 тұжырым жаса.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама