Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Сақтардың мекендеген орны. Сақ қоғамы
Сабақтың тақырыбы: Сақтардың мекендеген орны. Сақ қоғамы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сақ топтары және олардың мекендеген жерлері туралы толық түсінік бере отырып, сақ қоғамындағы басқару ісі, қоғамдық құрылысының ерекшелігі туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушыларды өз бетімен картамен жұмыс істеуге үйрету, топтық жұмысқа бейімділіктері мен тақырып төңірегінде ой қорыта білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Сақтарды ер жүрек ретінде сипаттай отырып, сақтардың дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесін анықтау, оқушыларды отаншылдыққа, елжандылыққа, ерлікке, батырлыққа үйрету.
Оқыту технологиясы:
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Сабақтың типі: жаңа білімді өз бетімен игерту
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: топтастыру, сұрақ - жауап. бағытталған оқыту - іздендіру - зерттеу, проблемалық түсіндіру, сыни тұрғыдан ойлау, қорытындылау әдістері.
Пәнаралық байланысы: Дүние жүзі тарихы.
Сабақта қолданылатын әдістер:
Күтілетін нәтиже:
- оқушылар өз бетімен жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастырады.
- алған білімін жүйелей алады.
- оқушының ізденіс нәтижесі анықталады.
- өз ойын, пікірін ашық айта алады;
- топпен жұмыс істеуге бейімделеді;
Көрнекілігі: ватман, маркер, фломастер, видеоүзік, суреттер, бағалау бетшелері,
«Сақ дәуірі» картасы, қима қағаз, тірек сызба.
Сын тұрғысынан ойлауға қолайлы орта туғызу:
1. Оқушыларға ұнайтындай мүмкіндік туғызу.
2. Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
3. Ойлануға уақыт беру.
4. Жәрдем беру.
5. Сын тұрғысынан ойлауды бағалаңыз.

Сабақты жүргізудің формалары:
1. жеке 3. топтық
2. жұптық 4. ұжымдық

Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
1) оқушыларды түгендеу.
2) оқушылардың назарын сабаққа аудару.
3) топтарға бөлу \2 топ\

II. Үй тапсырмасын сұрау:
Көшпелі мал шаруашылығының пайда болу себебі неде?
Көшпелі мал шаруашылығы қашан қалыптасты?
Көшпелі өмір салтының отырықшы тіршіліктен айырмашылығы қандай?
Көшпелі мал шаруашылығының түрлерін ата?
Ерте кезде Қазақстан аумағында өмір сүрген тұрғындар қалай аталды?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама