Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Сарамандық жұмыс, Этилен алу және қасиеттері
Химия 11
Сарамандық жұмыс №2
Этилен алу және қасиеттері

Жұмыстың мақсаты: оқушыларды этиленнің зертханалық алыну әдісімен және органикалық заттармен таныстыру. Этиленнің физикалық, химиялық қасиеттеріндегі ерекшеліктерге байланысты жұмыс жасаған кезде сақтық ережелерін пайдалана білу икемділіктерін бекіту. Оқушылардың өздігінен жұмыс істеу белсенділігін арттыру.
Реактивтер мен құрал - жабдықтар: сынауық, ұстағышы бар металл тұрғы, спиртшам, газ жүретін түтігі бар тығынмен тығындалатын сынауық, кішірек екі сынауық, кәрлен ыдыстың ұсақ сынықтары, этил спирті, концентрлі күкірт қышқылы, бром (йод) суы (50 мл суға 2 - 3 тамшы су) және калий перманганатының күкірт қышқылымен қышқылданған ерітіндісі, сіріңке. Газ алуға қажетті құралдарды түгендеп алып, герметикалығын тексеріңдер.

Жұмыстың орындалуы:
Этил спиртін дегидраттау арқылы этилен алу.
Реакция жүргізетін құрғақ сынауыққа 1, 0 - 1, 5 мл этил спирті мен 2 - 3 мл концентрлі күкірт қышқылын (немесе екеуінің дайын қоспасынан 3 - 4 мл! Абайлап құйып алыңдар. Қоспаны қыздырғанда біркелкі қайнауы үшін, қоспа құйылған сынауыққа аздап кәрленнің ұсақ сынықтарын салу керек. Сынауықты газ жүретін түтігі бар тығынмен жауып, көлбеу етіп (2 - суретте көрсетілгендей) тұрғыға бекітеді. Қоспаны қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, қыздырыңдар.

Сарамандық жұмыс, Этилен алу және қасиеттері. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама