Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Сарқылмас қазына «Бесік жыры»
Сабақтың тақырыбы: Сарқылмас қазына «Бесік жыры»
Мақсаты: Оқушыларға қазақ салт - дәстүрі және атадан келе жатқан ауыз әдебиетінің бір түрі бесік жыры жайлы түсінік беру, мәнерлеп, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру; ананы қадірлеу, сыйлауға, салт - дәстүрді жалғастыра білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: интерактивті тақта, мақал – мәтелдер, бесіктің суреті.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық сәт:
Тіл арқылы ұғынамын түсінем,
Сыйласамын үлкенмен де, кішімен.
Тіпті жауға қарусыз да шығалам,
Ана тілім құдіретті күшімен.
- Олай болса балалар, сабағымызды ары қарай жалғастырайық.
- Өткен сабақтар бойынша жұмыстар.

1. Міржақып Дулатов «Бұл – қымыз молайып, қозы піскен кез» деп қай ай туралы айтып отыр?
А) Шілде Ә) Маусым Б) тамыз
2. Жаз қай ақынның өлеңі?
А) Абай Құнанбаев Ә) Ыбырай Алтынсарин Б) Мұхтар Әуезов
3. Аманжол Иманжанов «Тек қана электр шамындай жарқырап Шолпан жұлдызы тұр» деп тәуліктің қай мезгілі?
А) Кешкі Ә) таңғы Б) Түскі
4. Мұхтар Әуезов пен Ә. Нұрпейісовтің шығармаларының ұқсастығы –
А) Жазғы кеш суреттеледі.
Сөз жұмбақ: Сәбиге сәнді үй,
Әжеге ән мен күй бұл не? (Бесік)
Ой қозғау:
1. Бесік деген не?
2. Бесік неден жасалған?
3. Бесікке жатқан бала бар ма?

Жаңа сабақ:
«Бала адамның бауыр еті» деп, қазақ халқы баланы бақыт санап, тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Қазақ халқының салт - дәстүрі бойынша жас туылған баласын бесікке салған. Таза, әрі жайлы болады деп есептеген. Адамзаттың ғасырлар бойы жинақтаған мәдени нұсқалары ұлағатты сөздері, көркем туындылары ұрпақтан – ұрпаққа, атадан – балаға мирас ретінде жетіп отыр. Қазақ халқының дәстүрлі киім – кешегінен бастап, үй жиһаздары, тарихи ескерткіштер, туған өлке, туған жер, туған тіл бәрі де мұра болған. Халық тәлімі ең алдымен түн ұйқысын төрт бөліп, тал бесікті тербеткен ананың мейірлі махаббатқа толы әлдиі – бесік жыры.
- Балалар ендеше оқулығымызды ашайық
2. Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп оқып беру. Тізбектеп оқыту 4 - 5 балаға.
Әр шумағын талдау.
Не жайлы айтылған? деген сұраққа жауап беру.
Сергіту сәті:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама