Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Білгір биолог
Тақырыбы: Білгір биолог.
Мақсаты: Оқушыларды білім жүйесімен ғана қаруландырып қана қоймай, олардың назарын, білгендерін, жадында сақтай білу қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін, білімге құштарлығын, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуын, ізденімпаздығын, шығармашылық қабілетін дамыту.
«Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол табылар»
Ж. Баласұғын.
Ал, олай болса құрметті сайыскерлер енді ұшқыр ой, көп ақыл, терең біліммен биология пәнінен алған білімдеріңіздің асқақтығын көрсетіңіздер.

І. «Бәйге» кезеңінде оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді. Әр жауапқа 10 ұпай.
1) Қандағы қанттың мөлшерін реттеп отыратын гармон (инсулин).
2) Ең тез жылдам өсетін өсімдік (бамбук).
3) «ХХІ ғасыр індеті» аталған ауру (спид).
4) 2000 жылы жұқпалы аурудан 50 мың итбалығы қырылған теңіз (Каспий).
5) Астың қорытылуын жылдамдататын активті зат (фермент).
6) Клетканы зерттейтін ғылым (цитология).
7) Тіркес тұқым қуалау заңын ашқан ғалым (Т. Морган).
8) Жасушадағы энергия беретін органоид (митохондрия).
9) Емдік бал беретін бунақденелі жәндік? (ара)
10) Ағзадағы ең үлкен без (бауыр).
11) 10 жыл өскен ағаштың жылдық сақиналар саны (10).
12) Шайдың отаны (Қытай).
13) Бүлінген жердің қайта қалпына келу құбылысы? (регенерация).
14) Ауру туғызатын бактериялармен адамдардың жаппай ауруын қалай атайды? (эпидемия)
15) «Зоология философиясы» еңбегінің авторы (Ж. Б. Ламарк).
16) Мақалды аяқтаңыз: Қасқырдың аузы жесе де, жемесе де.... (қан).
17) Электр заряды бар балық (скат).
18) Информасоманы ашқан ғалым (М. Айтқожин).
19) Ең жоғары сатыда дамыған примат (адам).
20) Биогенетикалық заңды ашқан ғалымдар. (Ф. Мюллер, Э. Геккель).

ІІ. Ғажайып үштік. Бұл бөлімде оқушылар қосымша мүмкіндік алады. Алған жағдайда ұпайдың жартысына ие болады.

Өсімдіктер әлемі
(10 ұпай) Бұл өсімдікті жинар кезде халқымыз иіліп сәлем берген. Емдік қасиеті жағынан Орта Азияда ертеден белгілі болса, Кавказ халқы ұйықтататын дәрі ретінде пайдаланады. Түйетабандар тұқымдасына жататын жағымсыз иісті, улы өсімдік.
(Қосымша көмек. Халқымыз «пәле - жаладан сақтасын» деп түтінімен аластайды). (Адыраспан).
(20 ұпай) Тамыры, сабағы, жапырағы болмайтын паразит өсімдік. Жабысқақ тұқымдарына жіңішке жіпшелері өсіп шығып, басқа ағаштың діндері мен тамырларын орайды да, біртіндеп өсе бастайды. Ұзындығы – 90см, кейбір үлкен түрлері 1 жастағы баланың салмағындай болатын ең үлкен гүл.
(Қосымша көмек. Ғалымдар оны британ губернаторы Томас Стемфорд Раффлездің құрметіне атаған). (Раффлезия).
(30 ұпай) Бұл өсімдік фотосинтез үрдісінде түзілетін, қоректік заттардан басқа бунақденелілермен және ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Оларды ол түрін өзгерткен аушы жапырақтары арқылы аулайды. әдемі түсі, жағымды иісімен бунақденелілерді өзіне тартып жапырақ бетін бірден жайлап алады.
(Қосымша көмек. Жапырақта ерігіш ферменттер бөлініп, бунақденелілерді қорытады. Жыртқыш өсімдік). (Шыбынжұт).
Жануарлар әлемі
(10 ұпай) Ұшып келе жатып жемісіне төмен қарай самғаған кезде сағатына 300 шақырым, одан да

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама