Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Сайын Мұратбеков «Қылау» әңгімесі, Сатай мен Рабиға бейнесі
Сабақтың аты: Қазақ әдебиеті 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сайын Мұратбеков «Қылау» әңгімесі, Сатай мен Рабиға бейнесі
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға көркем шығарманы оқыту арқылы әңгіменің мазмұнын ашу, кейіпкерлер бейнесін жан - жақты аша білу.
ә) дамытушылық: оқушылардың өзіндік пікірін қалыптастыру, жазбаша тіл байлығын дамыту.
б) тәрбиелік: кейіпкерлердің әрекеті арқылы адамгершілікке, шынайы достыққа және мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: талдау, салыстыру, іздендіру, шығармашылық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, портрет, бағалау дөңгелекшелері.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, география, тарих.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бағалау, қорытындылау.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Сыныпты түгендеу, сынып журналына тіркеу.
- Оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ. "Ұшқыр ойдан - ұтымды жауап" /үй тапсырмасын тексеру кезеңі/
1. Сайын Мұратбеков қай жылы дүниеге келген?
2. Жазушының туған жері?
3. Жазушының басқа қандай әңгіме, повестері бар?
4. "Қылау" әңгімесінің негізгі тақырыбы?
5. Жазушы шығармаларында қай жылдардағы оқиғалар суреттеледі?
6. Қылау дегеніміз не?

ІІІ. Әңгіменің композициялық құрылымы.
Оқиғаның басталуы
Ұйқы құшағындағы Сатай.
Оқиғаның байланысы
Әке тапсырмасы.
Оқиғаның дамуы
Сатайдың Рәбиғамен кездесуі
Шиеленісі
Балалар арасындағы әңгіме.
Шарықтау шегі
Сатайдың қорқынышы
Шешімі
Рәбиғаның сыйлығы.

Сөздікпен жұмыс:
Қылау – қыста сілбіреп жауатын ұлпа, майда қар.
Шәугім – су қайнататын темір ыдыс.
Ішік – қазақтың ұлттық киімдерінің бірі, оны әр түрлі аң терілерінен тігеді, сырты матамен тысталады.
Зират – дүниеден өткен адамдардың жатқан жері.

Сайын Мұратбеков «Қылау» әңгімесі, Сатай мен Рабиға бейнесі. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама