Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Символдық және жолдық шамалармен жұмыс істеуге арналған функциялар
Тақырыбы: Символдық және жолдық шамалармен жұмыс істеуге арналған функциялар.
Мақсаты: 1. Символдармен, мәтінмен атқарылатын жұмыстар туралы жалпы түсінік беру, программалауда Паскаль операторларын тиімді қолдану дағдысын қалыптастыру.
2. Программаны ықшам, сапалы жазу дағдысын дамыту.
3. Программа мәтінін, нәтижелерін экранға шығару интерфейсіне эстетикалық талап қоя білу.
Көрнекілігі: Паскаль редакторы - Паскаль АВС, интерактивті тақта, презентация.
Барысы: I. Ұйымдастыру§9, 10 102бет№1, 9тапсырмалар тексеру.

II. «Қайталау - оқу анасы» бөлімі Карточка үлестіру:
Chr(x), Ord(x), Pred(x), Succ(x), Upcase(X), Length(s),
Copy(st, N, M), Pos(s1, s2), Delete (а, N, M), Insert (s1, s, n).
1. Жолдық шама дегеніміз не? / мәндері мәтін болып табылатын шамалар.
2. Жолдық шамалар қандай қызметші сөзбен белгіленеді? String - айнымалының мәні сөз/сөйлем екенін білдіретін тип
3. Символдық шама дегеніміз не? / мән ретінде бір ғана таңбаны қабылдай алатын шамалар.
4. Символдық шамалар қандай қызметші сөзбен белгіленеді? Char - айнымалының мәні жеке символ болатынын білдіретін тип.
Жолдық шамаларда, мәтінмен жұмыста жиі қолданылатын функциялар бірінші топқа«String» деген атпен бөлінесіз.
Length(s) мұнда S – жолының ұзындығын анықтайды.
Copy(st, N, M) мұнда St - сөзініңN - нөмірінен бастап қатар тұрған M - символды көшіріп алады
Pos(s1, s2) мұнда s1 кіші сөзі s2 - ұзын сөздің ішінде барма/жоқпа, соны анықтайды
Delete (а, N, M)- N бастапқы сөзден бастап M cимволдыжояды.
Insert (s1, s, n)- n - ші жолға s cимволға s1символды жалғау.
Символдық шамаларға қолданатын қандай стандартты функциялар бар
екінші топқа «Char» деген атпен бөлінесіз.
Chr(x) - x санын символға түрлендіреді. мысалы: сhr(90)= Z
Ord(x) – x символының кодын береді. мысалы: ord(Z)=90
Pred(x) - x алдыңдағы кодқа сәйкес символды береді. мысалы: Pred(M)=L
Succ(x) – x кейінгі кодқа сәйкес символды береді. мысалы: Succ(M)=N
Upcase(X) – кіші латын әріптерін бас әріптерге айналдырады. Upcase(а)=А

III. «Оқу - инемен құдық қазғандай» бөлімі.

Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы,
Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі
Айткалиева Баян Сабыргалиевна

Символдық және жолдық шамалармен жұмыс істеуге арналған функциялар. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама