Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Шаңырақ. Фариза Оңғарсынова
Әдебиеттік оқу 4 – сынып
Сабақтың тақырыбы: Шаңырақ. Фариза Оңғарсынова
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға өлеңнің мазмұнын меңгерте отырып, Отан, отбасы, шаңырақ жайлы алған білімдерін толықтыра түсуге бағыт - бағдар беру. Өлеңнің мазмұны мен идеясын өз бетінше талдауға, аша білуге үйрету.
2. Өлеңнің идеялық мәнін түсіне отырып, сатылай кешенді талдау арқылы шапшаңдық, тапқырлық танытуға, сөйлеу мәнерін көркем әдеби тілмен өрнектей білуге бағыттау.
3. Отан және шаңырақ ұғымдарындағы ұқсастық арқылы өз Отанын, отба - сын құрмет тұтуға, қадірлеуге, адамгершілікке үйрету.
Көрнекілігі: ақын суреті, кітаптары, шаңырақ макеті.
Әдісі: Пайымдау, түсіндіру, талдау.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі
Қолданылатын технология: СКОТ

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа дайындалу. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.

ІІ. Үй жұмысын тексеру, бағалау.
«Ақ ірімшік» мәтінінің мазмұнын сұрау, талдату.

ІІІ. Жаңа сабақ.
- «Шаңырақ» дегенді қалай түсінесіңдер? (өз ойларын айтады)
Автор туралы мәлімет беру.
Ф. Оңғарсынова – ақын, Қазақстанның халық жазушысы. Атырау облысы, Исатай ауданында қарасты Манаш ауылында дүниеге келген. Көптеген жыр жинақтары мен балаларға арналған кітаптары жарық көрген. Шығармалары негізінен әйел - ана тақырыбына арналады.
а) Өлең сөздеріне мән беріп, мәнерлеп оқу.
ә) Өлеңді сатылай кешенді талдату.
Шаңырақ
1. Автор.
2. Тақырып – автордың айтайын деген ойының негізгі арқауы. Бұл өлеңнің тақырыбы Отан ұғымын түсіндіру.
3. Жанр түрі – поэзия (өлең). Өлең дегеніміз – белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.
4. Идеясы дегеніміз – ақынның айтар ойы мен мақсаты. Бұл өлеңнің идеясы Отан от басынан басталатындығын ұғындыра келіп, балаларды ата - ана, дос - құрбы, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, перзенттік парызын ұмытпау керектігін айтады.
5. Шумақ – аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді. Бұл өлең 3 шумақтан тұр.
6. Тармақ – өлеңнің әр жолы. Бұл өлең 24 тармақты.
7. Бунақ дегеніміз – белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі. Бұл өлең 2 - 3 - 4 бунақты.
8. Буын саны – дауысты дыбыстар санына байланысты болады. Бұл өлең 7 - 11 буынды.
9. Сөздік жұмысы.

Сергіту сәті: музыка ойнап тұрады.
Көңіл - күй, сезім толқыныстары кезінде әртүлі жаттығулар жасаған дұрыс.
- Көңіл - күйің қалыпқа келгенше 10 - ға дейін сана.
- Еденнен 5 - 6 рет көтерілу керек
- Өзіңе массаж жаса.
1. Иегің кеудеңе тигенше, басыңды алға еңкейт. Мойныңды соз, бірақ сіреспей, мойныңның бұлшық еттерін бос ұста.
2. Құлақ қалқанын жеңіл қимылмен айналдыра сипала.
3. Басыңды қолыңмен қаусырып құшақтап, алақаныңды құлағыңа тигіз.
4. Мойныңды сипап, иығыңды ысқыла.
10. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні. Әр оқушы өз ойымен түйіндейді.
4. Қорытынды.

«Шаңырағы» сөзіне фонологиялық талдау жасайды.
«Отан отбасынан басталады.» Сөйлемге синтаксистік талдау жасайды.
5. Бағалау.
6. Үйге тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқу. 93 - бет. «Шаңырақ шаттығы» тақырыбында өлең құрастырып келу.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама