Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Шаруашылықтың құрамы мен құрылымы (күнделікті сабақ жоспары)
Күнделікті сабақ жоспары, география 8 сынып
Тақырыптар:
11 - сабақ. Шаруашылықтың құрамы мен құрылымы
12 - сабақ. Өнеркәсіп: құрылымы және орналасу факторы
13 - сабақ. Павлодар облысының шаруашылықты дамытудағы тарихи алғышарттары
14 - сабақ. Отын – энергетикалық кешен. Кешеннің ерекшелігі мен маңызы. Мұнай және газ өнеркәсібі
15 - сабақ. Көмір өнеркәсібі. Электр қуаты


Тақырыбы: Шаруашылықтың құрамы мен құрылымы
Білімділік. Шаруашылық ұғымына анықтама беру. Жоспарлы, нарықтық және аралас экономика ұғымдары туралы түсініктерін қалыптастыру. Қазақстанның шаруашылығына – кәсіпорындары - салалары - салааралық кешендерді сипаттау. Экономиканың құрылымдық ерекшеліктерін анықтау. Қазақстанның әлемдік экономикадағы орнын анықтау.
Дамытушылық. Қазақстанның шаруашылығын карта бойынша сипаттау арқылы білімдерін тереңдету.
Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақ түрі: жаңа тақырып
Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап
Құрал - жабдықтар: Қазақстанның әкімшілік - саяси картасы, интерактивті тақта
Негізгі ұғымдар: нарықтық экономика, мемлекеттік сектор, кәсіпорындар, мекемелер, экономика салалары, салааралық өндірістік кешен, өндірістік сала, өндірістік емес сала, экстенсивті, инетнсивті, экономиканың тиімділігі, еңбек өнімділігі, өнімнің өзіндік құны
Номенклатура: Қазақстан, Петропавл, Павлодар, Семей, Риддер, Көкшету, Ақтөбе, Орал, Түркістан, Тараз, Қарағанды, Астана, Алматы, Атырау

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. (10+1 - 2 мин)
Үйге берілген кескін карталарын тексеру.
3. Жаңа материалға көшу кезеңі
Кіріспенің жоспарын еске түсіру. Оның экономика саласына мән беру. І бөлімнің жоспарына шолу. ІІ бөлімнің жоспарымен таныстыру. Талдау.

4. Жаңа материалды меңгерту кезеңі. Жаңа тақырыпты меңгеру барысында қарастырылатын сұрақтар:
1. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономиканың қандай айырмашылығы бар? Нарықтық экономиканың қандай кемшілігі бар. –
2. Қазіргі нарықтық экономикада қандай экономикалық салаларымыз мемлекеттің құзырында? –
3. Не себепті Қазақстан экономикасын аралас дейді? –
4. Экономиканың салалары дегеніміз не? Қазақстан шаруашылығы қандай еңбек салаларынан тұрады? -
5. «Салааралық өндірістік кешен» дегеніміздің мағынасын, мәнін түсіндір. «Салааралық кешендердің» қалыптасуы ненің әсерінен болған? –
6. Экономиканың даму барысында интенсивті даму мен экстенсивті дамудың негізгі айырмашылықтары? Осы даму жолдарының қайсысы қазіргі кезде тиімді?-
7. «Жалпы ішкі өнім», «экономиканың тиімділігі», «еңбек өнімі», «өнімнің өзіндік құны» деген терминдерге анықтама бер. -
8. Қазақстан – ірі жабдықтаушы, «Қазақстан – көлік дәлізі», халықаралық арена деген ұғымдарды түсіндіру, олардың мәні мен маңызын ашу

5. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
48, 49, 50, 51 - суреттерді және 7 - 8 кестелерді талдау. «Қазақстанның шаруашылық құрылымына» сызбанұсқа жасауға арналған тапсырманы орындау.
6. Сабақты қорытындылау кезеңі
1. Шаруашылық дегеніміз не? 2. Қазақстанның экономикасы қай экономика түріне жатады? 3. Қазақстанның шаруашылығының құрылымы? 4. Қазақстанның әлемдік экономикадағы орны қандай?
7. Бағалау кезеңі
Оқушылар сабақта белсенділік танытуына қарай бағаланады.
8. Үйге тапсырма беру
88 - беттегі 1 - 3 тапсырмалар. Тестерге жауап беру.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама