Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Шешендік сөздер
Сабақ тақырыбы: Шешендік сөздер
Сабақтың типі: Білім мен іс - әрекет тәсілдерін жинақтау және жүйелеу.
Сабақтың түрі: «БжС» технологиясы. Ауызша сабақ - 3 карта
Сабақ мақсаты: Оқушылардың алған білімдері мен іс - әрекеттерін жалпылау, оқу материалының мазмұнын талдау, әңгімедегі ең бастыны бөліп алу, жинақтау және жүйелеу, топтық жұмыс.

Сабақ барысы:
1 - кезең. Ұйымдастыру.
Класты үштіктен алты топқа бөлу. Сабақтың мақсаты мен міндетімен таныстыру. (ДОС - демеуші, орындаушы, сыншы)
2 - кезең. Оқу материалының мазмұнын талдау.
Тірек сөздер 21 кілтті сөзді табу.(уақыт алғашқы топтың аяқтауына байланысты).
Мысалы:
1. мақал ---------- ағын ---------- сәлем
2. сырлы --------- асқар --------- жұмбақ
3. авторлы ------- жақсы ------- жаман
4. көркем -------- ғалым -------- тұлпар
5. уақиғалар ---- алаш ---------- дауласу
6. хан ------------- ағайынды----- куә
7. билер --------- толғау --------- билік
3 - кезең. Оқу материалындағы ең бастыны бөліп алу.
Сұрақтар дайындалады. Неге? Сіз қалай ойлайсыз? Не себепті? Не үшін? ( уақыт алғашқы топтың жұмысты аяқтауына байланысты).
1. Ауыз әдебиетінің жалғасы неге шешендік сөздер болады?
2. Шешендік өнер қалай дамиды?
3. Не себепті шешендік сөздер елге үлгілі ойлар, тұжырымдар болып тараған?
4. Төле би не себепті Қазыбекке ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым деп разы болды?
5. Екі әйел не себепті Қаз дауысты Қазыбекке келіп жүгінді?
6. Ел неге жетім болады?
4 - кезең. Жүйелеу және жинақтау.
Әр кезеңнің қорытындысы бойынша сыншылар сөз сөйлейді.

5 - кезең. Пәнішілік және пәнаралық байланыс.
Идеялар жарысы.
Төле бидің жұмбағын сіздер қалай шешер едіңіздер? Осы тапсырманың балама нұсқасын табыңыз.
Әрбір үштік 3 рет жауап беруге мүмкіншілігі бар.
6 - кезең. Рефлексия.
Ең қызық және ерекше жауаптар айрықша аталады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама