Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 9 сағат бұрын)
Шығармашылар сайыс жоспары
Сабақтың тақырыбы: Шығармашылар сайысы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін байқау.
Тез нақты жауап беруге, жылдам ойлауға, белсенділігін, таным, ізденімпаздық қасиеттерін арттыру, ой - өрісін дамыту, тілге деген қызығушылығын арттыру, тілдің үш тұғырлығын насихаттау.

Құрметті сайыс қатысушылары!
Біз жыл сайын өткізілетін сыныптар арасында өткізілетін апталықты "Білімдінің күні жарық атты"үлкен дайындықпен, түрлі сайыстармен өткіземіз.
Бүгінгі күні сендер осы апталықта өз өнер білімдеріңізді, ана тілге деген, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктеріңізді шығарма жазу арқылы көркем әдеби тілмен жеткізесіздер.
Тәуелсіздік - мәніміз
Достық біздің сәніміз
Мемлекеттік тіл болған
Қазақ тілі әніміз!
Ал енді балалар, сайыс сабағымызды бастаймыз.
Сайыс қатысушылары: 4 сынып оқушылары

Сайысымыздың бірінші кезеңі:
1."Кім көп сөз біледі?"кезеңіміздің шарты "Қарлығаш" "Ақпан" сөздерімен бірнеше сөздер құрау.
- Қане кім көп сөз біледі?
Сайысымыздың екінші кезеңі.
"Сен білесің бе?"
1. Ана тіл туралы мақал - мәтел айт
2. Жылдың бесінші айы.
3. Ана тіл туралы қандай өлең білесің?
Сайысымыздың үшінші кезеңі.
"Сөйлей - сөйлей шешен боларсың.."дей отырып
1. Туған жер - алтын бесік
2. Ана
3. Тәуелсіздік - тұғырым
тақырыптары берілген сіздер осы 3 тақырыптың қалаған бір тақырыбына шығарма жазасыздар.
Осы тақырыптар бойынша оқушы өзінің тіл байлығын, ойын еркін жазып, сөз шеберлігін көрсетеді.
Қорытындылау кезеңі:
Сонымен балалар біздің сайысымыз өз мәресіне жетті. Тіл - әр ұлттың қайталанбас байлығы, тіл бар жерде ұлт та, елде, жерде болмақ.
Тілден артық қазына, тілден артық қасиет те жоқ.
Оқушылардың білімдері бағаланады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама