Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Шығыс Қазақстанның экономикалық - географиялық жағдайы
Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы
9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Шығыс Қазақстан
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Оқушылардың экономикалық және әлеуметтік білімдерін арттыру, Шығыс Қазақстанның экономикалық - географиялық жағдайымен танысып, карталар, анықтамаларды пайдаланып білімдерін кеңейту.
2. Дамытушылық: Оқушылардың бақылау, ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін қалыптыстыру.
3. Тәрбиелік: Өз өлкесінің, жалпы мемлекеттің экономикалық дамуына қызығұшылық ояту.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, оқушылардың кезекшілікті атқаруы, журналды толтыру, оқушыларды түгендеу, оқушыларды сабаққа даярлау
2. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі:
А) үлестірмелі карточкамен жұмыс
Орталық Қазақстан ЭГЖ - ның ерекшелігі қандай?
Орталық Қазақстан қандай ресурстарға бай және қандай ресурстар жеткіліксіз?
Орталық аудандағы қандай экологиялық проблемаларды білесіз? (Карточкаларды 2 - 3 балаға таратып, дайындалуға 2 - 3минут уақыт беру)
Ә) сөйлемді аяқтаңыз.
1. орталық Қазақстан әр - түрлі минералды ресурстарға бай болғанымен ең негізгісі........
2. Қазақстанның ең жоғары урбандалған ауданы - бұл......
3. Орталық Қазақстанның негізгі қалалары.....
(2 - 3 бала таратып, дайындалуға 2 - 3 минут уақыт беру)

3. Сабақтың мақсатымен таныстыру
Бүгін балалар біз Шығыс Қазақстанның экономикалық - географиялық жағдайымен танысып, карталар, анықтамаларды пайдаланып қандай табиғи ресурстары бер екенін анықтаймыз, табиғат жағдайы мен ресурстары баға береміз.

4. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.
Шығыс Қазақстанның табиғаты алуан түрлі бұл аймақта ландшафттың бірнеше түрі кездеседі, таулардағы мұздықтар, жазықтар, дала мен шөлейт жерлер, сансыз өзендер мен көлдер. (картаны пайдаланып Шығыс Қазақстанның жерін көрсету)
Ауданы:283мың км²
Ауданы жағынан ең кішісі, солтүстігінде Ресеймен,шығысында Қытаймен, солтүстік-батысында Қарағанды, оңтүстігінде Алматы облысымен шектеседі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама