Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Сыбайлас және вертикаль бұрыштарға есептер шығару
Сабақтың тақырыбы: Сыбайлас және вертикаль бұрыштарға есептер шығару.
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Өтілген тақырыптарды қайталау және жүйелеу. Біліктерін логикалық оймен іске асыра білу.
Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін, өз беттерімен жұмыс жасауын дамыту, геометрияға деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Алған білімдеріне жауапкершілік - пен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға үйрету.

Сабақтың түрі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.
Әдісі: Деңгейлеп - саралап оқыту.
Көрнекілігі: Слайд, карточкалар, кесте.
Сабақтың құрылымы 4 деңгейлік құрылымнан тұрады.
Оқытушылық деңгей (ауызша сұрақтар).
Алгоритмдік деңгей (есептер шығару).
Эвристикалық деңгей ( математикалық лото).
Шығармашылық деңгей (оқулықпен жұмыс).
Қорытынды (сәйкестендіру тест)

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеп, сабаққа ынтасын аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Негізгі бөлім.
IV. Оқытушылық деңгей (ауызша сұрақтар).

Бұрыш. Бұрыштың биссектрисасы дегеніміз не?
Қандай бұрыштарды білеміз?
Қандай бұрыш сүйір, доғал бұрыш деп аталады?
Қандай бұрыш тік, жазыңқы бұрыш деп аталады?
Сыбайлас бұрыштар деп қандай бұрыштарды атаймыз?
Сыбайлас бұрыштардың қосындысы неге тең?
Вертикаль бұрыштар деп қандай бұрыштарды атаймыз?
Вертикаль бұрыштардың қандай қасиеттері бар?
Сүйір бұрышқа сыбайлас бұрыш қандай бұрыш болады?
Доғал бұрышқа сыбайлас бұрыш қандай бұрыш болады?
Тік бұрышқа сыбайлас бұрыш қандай бұрыш болады?

V. Алгоритмдік деңгей (есептер шығару).
1. Сағат тілдері арасындағы бұрыш қаншаға тең?
2. 20°; 125˚ бұрышқа сыбайлас бұрышты тап.
3. а, с түзулері в түзуін қияды. <2=55 °,=""><4=110° болса="" 1,="" 3,="" 5,="" 6="" -="" шы="" бұрыштарды="">
4. Градустық өлшемдері 7: 8 қатынасында болатын сыбайлас бұрыштарды тап.
5. 3 түзу О нүктесінде қиылысады.
<><><3 -="">

VI. Эвристикалық деңгей ( математикалық лото).
Дұрыс емес
№1 Сыбайлас бұрыштардың біреуі екіншісінен 30˚үлкен. Бұрыштардың әрқайсысын табыңдар.
№2 Берілген бұрыш пен оған сыбайлас бұрыш екеуі вертикаль болады деген тұжырым дұрыс па?
№3 85˚ бұрышқа сыбайлас бұрыштың шамасын тап.
№4 115˚ бұрышқа сыбайлас бұрыштың шамасын тап.
№5 Сыбайлас бұрыштың біреуі 120˚ екіншісін тап.
№6 Сыбайлас бұрыштардың біреуі екіншісінен 2 есе үлкен. Бұрыштардың әрқайсысының шамасы неше градустан болады.
№7 Екі түзу қиылысқанда пайда болған бұрыштардың біреуі 17˚ қалған бұрыштардың шамасын есептеңдер.
№8 Екі түзудің қиылысуынан пайда болған бұрыштардың біреуі екіншісінен 4есе үлкен. Осы бұрыштардың шамасын есептеңдер.
№9 Сыбайлас бұрыштардың қатынасы 3: 7 қатынасындай болса, олардың шамасы қандай болады?

VII. Шығармашылық деңгей (оқулықпен жұмыс).
№81. a) Сыбайлас бұрыштардың биссиктрисалары арасындағы бұрыш 90˚ - қа тең болатынын дәлелдеңдер.
b) Біреуі 60˚ - қа тең болатын сыбайлас бұрыштар биссиктрисалары арасындағы бұрыштың шамасын табыңдар.
c) Кез - келген сыбайлас бұрыштардың биссектрисалары арасындағы бұрыштың шамасы қандай?

VIII. Қорытынды (сәйкестендіру тест)
IX. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушылар бағаланады.
X. Үйге тапсырма беру: № 86, №87 есептер.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама