Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Сын есімнің мағыналық түрлері
Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің мағыналық түрлері
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: сын есімнің мағыналық түрлерінің ережесін меңгерту, мысалдармен дәлелдеп көрсету, ажырата алуға үйрету;
ә) дамытушылық: оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, есте сақтау қабілеттерін арттыру, тіл байлығын, сөздік қорын молайту;
б) тәрбиелік: оқушыларды өзара сыйластыққа, басқаның көзқарасын тыңдай білуге тәрбиелеу;
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың өтілу әдісі: сұрақ - жауап, Венн диаграммасы
Көрнекілігі: Слайд, кеспе қағаздары, плакаттар, сурет
Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
а) амандасу, түгелдеу;
ә) сыныпты 3 топқа бөлу;

ІІ Үй тапсырмасын сұрау.
144 - жаттығу. Мақал - мәтелдерден туынды сын есімдерді тауып, олардың қай сөз табынан қандай жұрнақ арқылы жасалғанын айтыңдар.
Мынадай сұрақтарға ауызша жауап алу.
1. Сын есім дегеніміз не?
2. Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді?
3. Сын есімдер құрамына қарай қандай түрлерге бөлінеді?

ІІІ Жаңа сабақ. Тақтаға мына сын есімдерді жазып қою.
Әдемі қыз ----------- Өнерлі жігіт
Аласа үстел --------- Желсіз күн
Қызыл көйлек ------ Өткір пышақ
Ащы су -------------- Жазғы демалыс
Ауыр жүк ----------- Тәртіпті оқушы

Оқушылардан бұл сын есімдерді не үшін былай бөліп жазғанымды сұрай отырып, жаңа тақырыпты түсіндіру.
Мағынасына қарай сын есімдер сапалық сын есімдер және қатыстық сын есімдер деп екіге бөлінеді.
Заттың түр - түсін, сын - сапасын тікелей анықтайтын сын есімді сапалық сын есім дейміз. Мысалы: жақсы сөз, жуан ағаш, суық жел, жүйрік ат т. б
Ал заттың сын - сипатын, әртүрлі белгісін басқа сөз табының қатысы арқылы білдіретін сын есімді қатыстық сын есім дейміз. Мысалы: Ақылды бала, көршілес уй, сәулетті ғимарат, айнадай таза т. б

ІV Оқулықпен жұмыс. 146 - жаттығу. Сапалық сын есімдерді бір бөлек, қатыстық сын есімдерді бір бөлек, екі баған етіп жазу керек.
V Абай атамыздың «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңін мәнерлеп оқып беру. Оқушылар өлеңде айтылған сын есімдерді есте сақтау арқылы дәптерге түсіру қажет.
VІ Сын есімдерді қатыстыра отырып, тақтадағы суретті бейнелеп жазу. «Астана» суреті.
VІІ Сергіту уақыты «Сымсыз телефон» ойыны.
VІІІ «Жұмбақ жан» Әр топ қарсылас топтың ішінен бір оқушыны сын есімдер арқылы жасырады. Мысалы: Ақылды, бойшаң, ақ құба, нәзік, ылғи күліп жүреді, парталас досына жанашыр қыз кім? (Зарина)
ІХ Қорытынды.
1 - топ Венн диаграммасы арқылы бүгінгі жаңа тақырыпты түсіндіреді.
2 - топ сапалық сын есімдердің ерекшеліктерін топтастыру арқылы көрсетеді.
3 - топ қатыстық сын есімдердің ерекшеліктерін топтастыру арқылы түсіндіреді.
Үйге тапсырма: 148 - жаттығу.
Бағалау. Әр оқушының сабаққа қатысуына қарай бағалау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама