Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Сын есімнің салыстырмалы шырай жұрнағы
Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің салыстырмалы шырай жұрнағы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға сын есімнің салыстырмалы шырай жұрнағы туралы түсінік беру, оған қатысты жаттығулар орындату;
Дамытушылығы: Оқушылардың тіл байлығын дамыту, олардың іздену, ойлау, салыстыру, сипаттау қабілеттерін арттыру;
Тәрбиелілігі: Оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру, табиғат анаға, ондағы өсімдіктер мен құстар, аңдар тіршілігіне деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу;
Көрнекілігі: Суреттер, слайд
Әдіс - тәсілдері: суретпен жұмыс, «Бәйге» ойыны

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
Психологиялық дайындық
Туған тілім - бабам тілім - өз тілім!
Туған тілім - анам тілім - өз тілім!
Туған тілім - далам тілі – өз тілім!
Туған тілім - адам тілім - өз тілім!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
46 — жаттығу
Берілген сипаттама бойынша қай құс екенін табу. Бұл құсты сипаттауда сеніңше не жетіспейді?

ІІІ. Өткенді қайталау
«Бәйге» ойыны бойынша ауызша сұрақтарға жауап алу
- Сөз таптары нешеге бөлінеді?
- Сын есім дегеніміз не?
- Сын есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?
- Дара сын есім дегеніміз не?
- Күрделі сын есім дегеніміз не?
- Негізгі сын есім дегеніміз не?
- Туынды сын есім дегеніміз не?
- Етістік дегеніміз не?
- Болымсыз етістіктің жұрнақтары қандай?
Жаңылтпашты тез айтып, сын есімдерді тап.
Ала қарға қарға қонды,
Қара қарға жарға қонды.
- Балалар, «Бәйге» ойыны арқылы сын есімнің түрлерін, оның сөз таптарының басқа мүшелерімен байланысуын қайталадық.
Көркем жазу
Б б
Бейбітшілік, Бақыт, білім

ІҮ. Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту.
Оқушыларды топқа бөлу
Әр топ 1 затты сипаттап беру керек
Мысалы:
Кіші не үлкен
(көлемі)
Жақсы
(сапасы) жеңіл ала
(салмағы) (түсі)

Ү. Оқулықпен жұмыс
47 - жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз.
1. Асқарға қарағанда Нұрбол бойшаңырақ. 2. Жанияның тоны ұзындау. 3. Бұл бөлме ана бөлмеден кеңірек. 4. Бағдат көкшіл түсті жиде сатып алды.
48 - жаттығу.
Суреттегі иттерді салыстырып сипатта.
Құраған сөйлемдерінен сын есімнің салыстырмалы шырай жұрнағын табу. - дау, - деу, - дай,- дей, - тау т. б.
Сын есімнің салыстырмалы шырай жұрнағы. жүктеу​​​

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама