Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Зат есімнің тәуелденуі
Қазақ тілі 3 - сынып
Орта мерзімді жоспар бөлімі:
5 - бөлім: «Өнер»
Сабақ тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3. 2. 4. 1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3. 4. 2. 2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу;
3. 1. 3. 1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу.
Құндылықтарды дарыту: Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.
Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.
Пәнаралық байланыстар: Дүниетану, қазақ тілі.
АКТ қолдану дағдылары: Интернет - ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;
Ресурстар: Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т. б

Сабақтың басы
Жаңа топ құру
«Мен басқаның көзімен»
Ортаға бір оқушыдан кезекпен шығып, қалған қатысушылар ол жайлы қандай ой - пікірде екенін айтады. Оқушы өзін басқаның көзімен қандай адам екенін анықтайды«Жалаулар» арқылы топқа бөлінеді. Оқушыларды қалаған жалауларын алып, 1, 2, 3 топтарға бөлініп отырады.
Түймедақ гүлі
Ортаға түймедақ гүлі қойылады. Балалар, бүгінгі сабақта армандары орындалу үшін түймедақтың бір - бір гүлін жұлып алады Артындағы сандар бойынша топтасады Сабақ соңында пікірлерін жазып, қайтадан гүлді қалпына келтіріп кетеді.
Жұмыс ережесін келісу
Сабақта бір - бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
Уақытты үнемдейміз!
Нақты, дәл жауап береміз!
Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)
3. 2. 4. 1 (Ұ; Т; Қ) Өлеңді оқу. Өлеңге ат қойып, негізгі ойды анықтау. Өз пікірін білдіру.
40 - жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқиды. Өлеңдегі негізгі ойды анықтап, ат қояды. Өлеңге өз пікірлерін білдіреді.
3. 4. 2. 2 (Ж) Өлеңнің соңғы шумағын көркемдеп жазу.
Өлеңнің соңғы шумағын көркемдеп жазады. Оқушылардың бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып
көлбеу және таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі.
ҚБ: Отшашу арқылы бір - бірін бағалау.
Оқу мақсатын таныстыру
Күтілетін нәтижені анықтау
Зат есімнің тәуелденуі. жүктеу​​​

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама