Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын оқып - үйрену
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы,
Шарын орта мектебінің география пәні мұғалімі
Нақыбаева Гүлжахан

Бойыңда білімің бар екен, одан басқалар да өз
шырақтарын жағып алардай жағдай туғызыңыз. (Томас Фуллер)

1. Сабақтың тақырыбы: Сын тұрғысынан ойлау технологиясын оқып - үйрену
2. Сабақтың мақсаты: Мұғалімдерді технологияның жалпы барысымен, әдіс - тәсілдерімен, кезеңдерімен таныстыру, үйрету.
Үйренушінің жалпы практикалық қабілетін дамыта отырып, өзгелердің ойына сыни қарап, естігенін, білгенін талдап, салыстырып, тұжырым жасауға үйрету.
Мұғалімнің әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы екенін көрсету.
3. Көрнекті құралдар: Жетондар, қажетті заттар, түрлі үлестірмелер
4. Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын тексеру, қорытындылау.

Жаңа сабақ
1. Қызығушылықты ояту
Мондыбаевтың «Көне Тараз» шығармасы орындалады.
Бұл кімнің шығармасы? Көз алдарыңызға не елестеді?
Бүгін құрметті ұстаздар «Ұжымдық оқыту әдісі» бойынша оқыта үйрету ойынын ойнаймыз.
Мұғалімдерді 4 топқа бөлемін. Бұл «жанұя»топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4 - ке санау арқылы 1 - лер бөлек, 2. 3, 4 өз алдына «жұмыс» тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі.
4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1 - бөлігін 1 лер, 2 - бөлігін 2санын алғандар, 3, 4 нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын мұғалім «жұмыс тобында» мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттігін, өйткені сол бөлікті «жанұя топ» басқа топ мүшелеріне түсіндіруге жауапты екендігі, әр топ мүшесінің мұқиятпен түсіндіру керектігі айтылады.
Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін - бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді.
1 - топ сары
2 - топ қызыл
3 - топ жасыл
4 - топ көк түсті қағаздар беріледі.

2. Мағынаны тану кезеңі
1 - топ
Білім беру жүйесіндегі жаңашыл үрдістер туралы не білесіз?
Толық тоқталып өтсеңіздер.

2 - топ
Оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыру үшін жеке оқушылармен
қандай жұмыстар жүргізесіз?

3 - топ
Сіздің сабағыңызды сыныптағы оқушы толық меңгеру үшін не істейсіз?
Сіздің әрекеттеріңіз?

4 - топ
Сіздің сабағыңызға мектеп әкімшілігінің қатысуына сіздің көзқарасыңыз қандай?
Ол туралы не айтасыз?
«ИНСЕРТ» стратегиясы

Толтыру арқылы оқушы мәтінге немесе тақырыпқа толық тоқталып өтеді.

3. Ой - толғаныс
Семантикалық карта
Түрлері ---------------- Сарқылатын ------------ Сарқылмайтын
1 Күн энергиясы
2 Марганец
3 Алтын
4 Жел
5 Толысу мен қайту
6 Мұнай, газ

Сәйкестілігін тап

Р. с --------------------------------------------- Нұсқалары
1 Алматы облысының астанасы ------- Іле
2 Шарын өзені құяды --------------------- Кит
3 Жердің серігі ------------------------------ Атмосфера
4 Ең ірі су жануары ------------------------ Талдықорған
5 Ең кіші мұхит ------------------------------- Глобус
6 Жердің ауа қабаты ----------------------- Эпицентр
7 Жердің нақты үлгісі ---------------------- Солтүстік мұзды мұхит
8 Жер сілкіну ошағы ------------------------- Ай

Кубизм стратегиясы
2 сурет беремін
1 Суреттеп беріңіз
2 Салыстырыңыз
3 Зерттеңіз
4 Анықтаңыз
5 Талдаңыз
6 Топтастырыңыз

«Ойлан - жұптас - талқыла»
Менің болашағым - халқымның болашағы
1 - топ. Туған жерім
2 - топ. Мектеп
3 - топ. Отан
4 - топ. Бірлік
Топ қорытынды жасағаннан кейін 1 мұғалім (өкіл) шығып жұмысын қорғайды.

5 жолды өлең
СЭНКУЭН стратегиясы
( Қысқа сөзбен ақпаратты түйіндеп айту)
1. 1сөз
2. 2сөз
3. 3сөз
4. 4сөз немесе сөйлем
5. Тақырыптың синонимі (баламасы)
Мысалы
1. Табиғат
2. Әдемі, көрікті
3. Өседі, өнеді, көркейеді
4. Табиғат - адам үшін маңызды.
5. Құбылыс
Осыған орай мысалы: « Сабақ» сөзіне 5 жолды өлең жазу
ВЕНН диаграммасы
Құстар
Ұқсастығы
Жануарлар

Топтастыру
1 - топ Автомобиль
2 - топ Мал шаруашылығы
3 - топ Тоқыма өнеркәсібі
4 - топ Табиғатты қорғау

Автор орындығы
Жеке сұрақтар: 1 немесе бірнеше адам шығуға болады.
Өзін - өзі бағалау

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама