Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер туралы еске түсіру
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Қ. Күлетов атындағы №92 орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
Маханова Меңтай Жалғасбайқызы

Сабақтың тақырыбы: Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер туралы еске түсіру

Алгебра 10 сынып
Жалпы мақсаты:
1) тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер туралы еске түсіру;
2) олардың дербес шешімдері мен анықталу және мәндері облысын білудің маңыздылығын түсіну;
3) есептеулер жүргізуде триг. бірлік шеңберді қолдану;
Күтілетін нәтиже 2) олардың дербес шешімдері мен анықталу және мәндері облысын білудің маңыздылығын түсінеді;
3) есептеулер жүргізуде триг. бірлік шеңберді қолдана алады;
Негізгі идеялар: Теңдеулер мен теңсіздіктер шешудің тиімді жолдарын қарастыру;
Дербес шешімдер мен формулаларды есте сақтай білуге қалыптасу
Тапсырмалар: «Ой қозғау» (сұрақ - жауап)
Топтық жұмыс: «Тұжырымдамалық карта» (карта құрастыру)
Жұптық жұмыс: «Пилот - штурман»
Оқулықпен жұмыс «Озық ойлы»
Жеке жұмыс. (Блум таксономиясы)
Рефлексия

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І. Ұйымдастыру (2 минут)
1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу (түстер үйлесімділігі)
2. Топқа бірігеді ( саналу ретімен 3 топқа бірігеді).
(тұлғааралық қатынасты дамыту):
Балалар, тригонометрия ұғымы ең алғаш қалай пайда болды? Жалпы тригонометрия тарихынан қандай хабарларын бар?
1 - қадам. «Ой қозғау» (3 минут)
(алдыңғы сабақты қысқаша қайталау)
1) Функция дегеніміз не?
2) Анықталу, мәндерінің облысы дегенді қалай түсінесіңдер?
3) Функцияның графигі арқылы оның қасиеттерін қалай түсінуге болады?
4) Периодты, жұп, тақтылық деген не?
2 - қадам. (1 минут) (сабақтың тақырыбын білдіретін мәселелерді анықтау)
1 - сұрақ. Тригонометриялық функцияларға мысал келтіріңіз?
2 - сұрақ. Кері тригонометриялық функцияның қандай қасиеттері бар?
3 - сұрақ. Косинус функциясы ғана жұп дегенді қалай түсінесіздер?
Оқушылардың жауаптары мадақтау арқылы бағаланады.
Ендеше осы тригонометрия туралы білімдерімізді одан әрі кеңейтейік.
Табыс критерийлері:
1) тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер туралы білетін боламын;
2) олардың дербес шешімдері мен анықталу және мәндері облысын білудің маңыздылығын түсінемін;
3) есептеулер жүргізуде триг. бірлік шеңберді қолдана аламын;

3 - қадам. а ) Топтық жұмыс (ақпаратты талқылау) (20 минут)
Топтарға мәтін таратылып беріледі, оқып талқылайды.
Топтарда 5 рөлді анықтайды: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушы.
1 топқа – анықтамалар мен ережелерді қорытындылау;
2 топқа – тригонометриялық теңдеулерді шешу формулаларын қорытып шығару;
3 топқа – тригонометриялық бірлік шеңберді қолданып есептер шығару
Әр топтың бақылаушысы соңында бағалау парағымен таныстырады. (2 минут)
Бақылаушының бағалау парағы

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама