Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Сорғыш құрттар
Биология 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сорғыш құрттар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сорғыш құрттар және оның құрылысы мен паразиттік тіршілігі туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Сабақтан алған білімдерін дамыту. Тіл, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Гигиенаны сақтауға, аурулардың алдын алуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: Жаңа сабақ игерту
Сабақтың әдісі: Түсіндірме
Көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, видео ролик, сызба, сурет.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
2. Оқушы назарын сабаққа аудару.
«Өзіндік бағалау» (басбармақ арқылы) әдісі:
Оқушылар берілген үй тапсырмасына өзінің дайындық деңгейін мұғалім сұрағына қол көтеру арқылы байқатады: Кім «беске» дайын? Кім «төртке» дайын? Кім «үшке» дайын? Кім мүлде дайын емес?
Жеке оқушылармен жұмыс. Үлестірмелі парақтар.

II. Үй тапсырмасын тексеру
Сиыр цепені – жалпақ таспа құрттардың өкілі.
«Тізбектей сұрау» әдісі: Қойылған сұраққа беріліп жатқан оқушының жауабы кез келген жерінен тоқтатылып, ары қарай басқа оқушының жауап берілуі сұралады. Бұл әдіс оқушылардың зейінін аудару және байқағыштығын дамытуға пайдалы.

Сұрақтар топтамасы:
1. Сиыр цепені жайлы не білесіңдер?
2. Ол қандай жерлерде тіршілік етеді?
3. Оның дене бөліктерін атаңдар?
4. Сиыр цепенінің дене ұзындығы қанша?
5. Олар қалай көбейеді?
6. Денесінен тәулігіне қанша жұмыртқа шығарылады?

III. Үй тапсырмасын бекіту
Семантикалық карта

Дене пішіні жапырақ тәрізді, ұзындығы 1 мм - ден 5 см - ге дейін, араларында 1, 5 м - ге жететін түрлері де бар. Денесінің алдыңғы жағында (ауыз) және құрсақ бөлімінде (құрсақ) бір - бірден сорғыштары бар, кластың аты осыған байланысты қойылған. Осы сорғыштары арқылы олар иесінің денесіне бекінеді. Сорыштардың сыртын тегумент (эпителийге сәйкес) қаптап жатады, кірпікшелері болмайды. Денесінің алдыңғы жағындағы аузы эктодермальды жұтқыншаққа, ол жіңішке өңешке жалғасады. Ортаңғы ішек өңештен басталып, артқа қарай созылып, тұйықталған екі тармақтан құралады. Зәр шығару жүйесі – протонефридиялы. Денесінің ортасында не бүйірінде негізгі түтіктер орналасқан. Олар дененің артқы жағындағы қуыққа, ал ол зәр шығару тесігімен сыртқа ашылады. Тыныс алу және қан айналым жүйелері болмайды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама