Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
«Біліміңді сынап көр!» атты марафон
1. Сабақтың тақырыбы: «Біліміңді сынап көр!» атты марафон
2. Сабақтың түрі және типі: сайыс сабақ,
3. Сабақтың мақсаты: Бастауыш сыныптарда оқылатын пәндерге деген қызығушылығын, ынтасын арттыру.
4. Міндеттері:
4. 1. Білімдік міндет (қандай оқу біліктілігі оқыту барысында қалыптастырылады) Оқушыларды пәнге, оқуға деген қызықтырудың бір түрі - сайыс. Бұл сайыстарда оқушылар тез есептеуге, ойын тез жинақтауға дағдыланады. Оқушылардың сайысқа дайындалу кезінде олардың ізденімпаздығы, творчестволық қабілеті артып, практикалық дағдысы дамиды. Оқушылар білімдерін шыңдайды
4. 2. Тәрбиелік міндет (оқыту материалдарын жүргізу барысында қандай тәрбиелік мүмкіншіліктер іске асырылады)
Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достыққа тәрбиелеу. Білімге үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
Есте сақтау, логикалық ойлау, шапшаң қимылдау, тапқырлыққа тәрбиелеу.
4. 3. Дамытушылық міндет (ойлау іс - әрекетінің жолдарын игеру, салыстыру, синтез, анализ, жалпылау және т. т) Бір - бірімен қарым - қатынастарын бекіте отырып, бірігуі, сыйлау, көмектесу сияқты қасиеттерді бойларыңа сіңдіру.
Жүру барысы:
• Марафонның жүру бекеттерінде сарапшы мұғалімдер болады. Топтардың қолындағы бағалау парақтарына өздерінің бағаларын қойып отырады.
• Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі

Марафон бағдарламасы
1. Блиц сұрақтар 1 минут аралығында ауызша қойылған 10 сұраққа тез әрі дұрыс жауап беруі
Бағалау критерилері
1. Уақытты үнемдеуі
2. Дүрыс шеше білуі

II. Бекет:«Сөз сыры» Қазақтың бай тілінде кездесетін тұрақты сөз тіркестері, мақал - мәтелдердің мағынасын ашу
Бағалау критерилері
1. Сөз тіркесінің мағынасын ашуы
2. Осы сөз тіркесіне байланысты мысал келтіре алуы, дәлелдеуі
3. Сөз саптауы, әдеби тілде сөйлей алуы

III. Бекет: « Суреттеу» /Берілген сурет бойынша әңгіме құрау/
Бағалау критерилері:
1. Суреттегі бейне арқылы әңгімеге ат қоюды білу
2. Суреттегі негізгі ойды жеткізуі
3. Суреттелген оқиға, кейіпкерлер іс - әрекеті мен қарым - қатынасының нақты өмірмен байланысын көрсете алуы

IV Бекет: «Бейнені тап» жасырын суретті екінші оқушы қимылмен көрсету
Бағалау критерилері:
1. Нақты жауап бере білуі
2. Оқушының ой жүйесі

V Бекет:«Сөз ойла, тез ойла» Берілген сөздің бас әріптерінен келетін сөз ойлау
Бағалау критерилері:
1. Уақытты үнемдей білуі
2. Мағынасы бар сөз ойлау

I. Бекет: Блиц сұрақтар 1 минут аралығында ауызша қойылған 10 сұрақ
№1
1. Тік төртбұрыштың ауданын қалай табады?
2. Хеопс пирамидасының биіктігі қанша метр?
3. Қазақ даласында алғаш мектеп ашқан ұстаз?
4. Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігі?
5. Зергер 5 күнде 25 сырға жасаса. 7 күнде неше сырға жасайды?
6. Адам денесінің тірегі не?
7. Құрманғазының шәкірті кім?
8. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қай уақытта сызықша қойылады?
9. «Төбе шашым тік тұрды» қандай мағынаны білдіреді?
10. Тік төртбұрыштың бір бұрышын кессе неше бұрышы қалады?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама