Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері (күнделікті сабақ жоспарлары)
Қазақ тілі пәні бойынша жылдық күнтізбелік жоспар, 8 сынып
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 8 сынып.
Тақырыптар:
16. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
17. Оқшау сөздер
18. Қаратпа сөздер
19. Қыстырма сөздер
20. Одағай сөздер

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сабақтың мақсаты: білімділік - Сөйлемнің бірыңғай мүшелері туралы түсінік бере отырып, білім деңгейлерін тиянақтау, жинақтау, тереңдету, сөздік қорын дамыту;
дамытушылық – есте сақтау қабілетін, салыстыра отырып ажырату дағдыларын дамыту, жинақылыққа, тез, ұтымды жауап беруге үйрету;
тәрбиелік – салт - дәстүрін білетін азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, шығармашылық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: плакат, деңгейлік тапсырмалар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Сөйлемдегі қызметі, тұлғасы, сұрақтары бірдей және бір ғана ортақ мүшемен байланысатын сөздер бірыңғай мүшелер болады.
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері де, тұрлаусыз мүшелері де бірыңғай мүше түрінде келе алады.
Мысалы: Түйе, жылқы, өгіз көлік ретінде пайдаланылады, оны шанаға, арбаға жегеді, мінеді. («Жеті қазына»)
Бірыңғай бастауыштар: Не? (түйе, жылқы, өгіз)
Бірыңғай толықтауыштар: Неге? (шанаға, арбаға)
Бірыңғай баяндауыштар: Қайтеді? (жегеді, мінеді)

Жылқы – қазақтың кәделі, бағалы, қымбат қазынасы дегендегі кәделі, бағалы, қымбат – бірыңғай анықтауыштар, сұрағы – Қандай?
Сиыр терісінен илеп, барлық ат әбзелдерін оюлап, өрнектеп, өріп жасайды. Мұнда оюлап,, өрнектеп, өріп – бірыңғай пысықтауыштар, сұрағы – Қалай?
Бірыңғай мүшелер жалғаусыз да, жалғаулықтар арқылы да (мен, да, және, әрі, я, не, немесе) байланысады. мысалы: Арба да, дөңгелектер де, адамдар да қызғылт шаңның ішінде. Жалғаулық шылаулар қайталанбай бір – ақ рет келсе, арасына үтір қойылмайды. Жақып пен Ербол жолға шықты.
Кейде бірыңғай мүшелердің алдында немесе соңында жалпылауыш сөздер болады. жалпылауыш сөздер ретінде жалпылау, сілтеу есімдіктері және сан есімдер жұмсалады. Үйге Әсия, шешем, мен – үшеуміз ғана кірдік. Мінезі де, түрі де – бәрі өзім.
Егер жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелердің алдынан келсе, онда жалпылауыш сөзден кейін қос нүкте, сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің арасына үтір қойылады. мысалы: Өнеркәсіпке керекті заттар мыналар: тас көмір, мұнай, мыс, жез, қорғасын – барлығы Қазақстан жерінен табылады.

Жаттығумен жұмыс: 63 - жаттығу. Төмендегі өлеңде бірыңғай сөйлем мүшелерінің тыныс белгілері қойылмаған, қойып шығып, ондағы сөйлем мүшелерін анықтаңдар.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1. Сөйлегенде не жазғанда сөйлемнің бірыңғай мүшелері не үшін қолданылады?
2. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері барлық сөз таптарынан бола бере ме?
3. Жалпылауыш сөздер не үшін керек?
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: 64 - жаттығу

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама