Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Сөз және мағына атты тарауды қайталау (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып.
Тақырыптар:
26. «Сөз және мағына» атты тарауды қайталау
27. Жазбаша жұмыс
28. Сөздік қор туралы түсінік
29. Сөздік қордың өзіндік ерекшелігі
30. Қазақ тілінің сөздік құармы


№6 Сабақ үлгісі:
1. Пән аты: Қазақ тілі.
2. Сыныбы:
3. Күні, айы, жылы:
4. Тоқсан: ІІ
5. Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: «Сөз және мағына» атты тарауды қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сөз және мағына туралы алған лингвистикалық білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.
1. Тәрбиелік: оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
2. Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, синтаксистік талдау жасау дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: қайталау сабағы
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
4. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау

ІV Жаңа сабаққа дайындық
1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2. Сабақ мақсатын түсіндіру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. 132 - жаттығу.
2. Мақал – мәтелдер туралы түсінік.

ІІІ Білім тексеру:
Өздік жұмыс
1. Мақал – мәтелдердің тұрақты тіркестерден айырмашылығы неде?
2. Бір біріне антоним болатын мақал – мәтелдер жаз.
3. Кері тәрбие беретін мақал – мәтелдер бар ма? Бар болса жаз және ол туралы өз пікіріңді айт.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1. Оқулықпен жұмыс
133 - жаттығу
Мәтіннен мақалдарды тауып, ауызша әңгімелеңдер.

134 - жаттығу
Суреттер топтамасындағы 23 – суретке қарап, мақал – мәтелдерді қатыстыра отырып, мәтін құрау.

2. Үлестірме қағаздармен жұмыс
3. Өздік жұмыс
Жұмбақтың шешуін тап, шешуінің атына байланысты бір – біріне антоним, синоним, омоним болатын мақал – мәтелдер жаз.
Таңертең төрт аяқты,
Түсте екі аяқты
Кешке үш аяқты.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын көру

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама