Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып.
Тақырыптар:
6. Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып.
7. Сөз бен мағына
8. Сөз мағыналарының сипаты
9. Сөз мағынасының өзгеруі
10. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы


Сабақ үлгісі №2

Сабақ жоспары
1. Пән аты: Қазақ тілі.
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы:
4. Тоқсан: І
5. Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың мәтіндегі негізгі ой мен тақырып туралы түсініктерін жазба жұмыстар арқылы бекіту.
2. Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту.
Сабақтың типі: бекіту
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: баяндау, сұрақ - жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ тілі» энциклопедиясы.
Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
4. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен
мақсаты туралы хабарлау

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Сөйлеу мәдениеті туралы өз ойларыңнан мәтін құрап келіңдер

ІV Жаңа сабаққа дайындық
1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2. Сабақ мақсатын түсіндіру

VІІ. Бекіту сабағын өткізу.
Оқулықпен жұмыс.
23 - жаттығу.
І топ
1. Мәтінді оқып, тақырыбы мен негізгі ойын анықтаңдар
2. Мәтінге ат қойыңдар.
3. Мәтін құрастыру туралы ғалым қандай ой білдіргенін айтыңдар

24 – жаттығу
ІІ топ
1. 26 - суретке қарап, әңгімелеу.
2. Жазбаша мәтін құрау.
3. Мәтінге ат қою.

І деңгей
25 – жаттығу
Төмендегі өлең жолдарынан ойдың байланысына қарай шумақтарды қайта құраңдар. Мәтінге ат қойыңдар
ІІ деңгей
26 - жаттығу
Бауыржан Момышұлының ойын әрі қарай жалғастырып шығарма жазыңдар.
ІІІ деңгей
27 – жаттығу
Өз ана тілің, оның сөз байлығы туралы ойланып, өз пікірлеріңді айтып беріңдер.

VІІ. Сабақты қорыту:
1. Бағалау
2. Үй тапсырмасын беру.
Ана тілінің қызметі жайлы мәтін құрау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын көру

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама