Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Сөзжұмбақтар
Сөзжұмбақтар
Дүниетану бойынша осы тұрғыда жасалған сөзжұмбақтар оқушының сабаққа деген зейінін, белсенділігін, танымдылығын, қызығушылығын, білімділігін арттыруға көп септігін тигізеді. Үнемі бір сарынды сабақтан көрі оқушы сабақта әр түрлі әрекет, жұмыстар жасағанды ұнатады. Әртүрлі әдістер арқылы тереңдете және жеделдете оқытуға арналған пәндік деректер, тапсырмалар өз ойларын, білімдерін толық жеткізе алуларына мүмкіндік береді. Оқушылар тақырып бойынша қажетті деректер жиынтығын есте сақтай отырып, қосымша мәліметтер ала алады. Сабақ тақырыбын қорытындылауға да жақсы, көмегі зор.

1. Сөзжұмбақ « Адам ағзасы»
Дене тірегі не?/Қаңқа/
Жүрек, өкпені қорғайтын қай сүйек?/Кеуде/
Жалпақ иілген сүйектер /қабырға/
Адамның бас қолбасшысы не?/Ми/
Сендегі ең бағалы зат, миды қорғайтын не?/Бас/

Дене сөзіне мағынасы жуық сөз./Ағза/
Шынықтыру мәдениетіне не жатады?/Жүзу/
Кеуде сүйегіне кіретін сүйектердің бірі не?/Омыртқа/
Бұлшық еттер сүйекке қалай бекінеді?/Сіңір/
Сүйектердің бір - бірімен жалғасатын жері /буын/

2 Сөзжұмбақ «Жүрек»
Жүрек - қан айналым жүйесі
1. Сенің жүрегіңнің мөлшері./Жұдырық/
2. Қандай сәтте жүрек соғуы ұлғаяды?/Жүгіргенде/
3. Жүректен қандай тамыр арқылы қан бүкіл мүшелерге тарайды?/Артерия/
4. Қандай тамыр арқылы жүрекке қан қайтадан құйылады? /Вена/
5. Қандай дене ағзадағы бактерияны жояды?/Лейкоцит/
3. Тыныс алу жүйесі
Тыныс алу жүйесі не?/Өкпе/
Тыныс алғанда ауа не арқылы өтеді?/Көмекей/
Тамақтан алатын ауру /Баспа/
Ауа не арқылы өтеді?/Кеңірдек/

4. Ас қорыту жүйесі
Ас қайдан өтеді?/Ауыз/
Тамақ түсетін жер./асқазан
Тіршілік үшін адамға не керек? /тамақ/
Қорытылмаған ас қандай ішектердің бірі арқылы сыртқа шығарылады? /тоқ ішек/
Сілекей ауыз қуысында не кездеседі?/Микроп/
Ішектегі қоректік заттар қай бездерінің бірінің сөлі арқылы ыдырайды? / Ұйқы бездері/
Асты қабылдайтын, шайнауға қатысатын не?/Тіл./
Организмдегі улы заттарды залалсыздандыратын мүше./Бауыр/

5. Сөзжұмбақ «Сезім мүшелері»
Мұрынның ортаңғы бөлімінде қандай сезу жүйкелері орналасқан? (иіс)
Ерекше арнайы сезімтал мүшелері бас бөлігінің қай жерінде кездеседі? (Ерінде)
Көру мүшесі не? (көз)
Құлақтың үш бөлімінің бірі қандай бөлік? (ішкі)
Қандай кезде иісті сезе алмаймыз? (Тұмау)
Иіс сезу мүшесі не? (Мұрын)
Иіс сезу дабылын миға өткізетін не? (Жүйке)
Көз ортасында не болады? (Қарашық)
Құлақ қандай мүше? (Есту)
Дәм сезу мүшесі не? (Тіл)
Ақпаратты қабылдайтын қандай жасушалар? (Сезімтал)
Көру жүйкесі арқылы бейнені миға өткізетін қандай қабық? (Торлы)
Тұмаудың әсерінен мұрындағы кілегей қабықшалары не істейді? (Ісінеді)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама