Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Тышқанның зияны
Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Тышқанның зияны
Бұл сабақта жануарлардың тіршілігін зерделеу, қорегінің түрлілігі, тіршілік ету түрін ықшамдау, зиянды және зиянсыз екенін айыру, онымен күресу жолдарын білу, жануар тіршілігін зерделеуде білім - білік дағдысын қалыптастыру, тапсырманы орындау арқылы сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту мақсатында жұмыс істедік.
Ең алдымен ситуациялық сұрақ қойдық. Құс шырылдап ән салды. Кенет әдемі балапан сенің алдыңа құлап түсті. Сен не істер едің?

Жұмбақ:
Өзі айлакер, өзі бір қу,
Жүрген жері айқай да шу. (Түлкі)
Тұрмайды бұл құс бұл жақта,
Тұрады мәңгі мұз жақта.
Тоңуды сірә білмейді,
Талтаңдап мұзда билейді. (Итбалық)
Өтілген тақырып бойынша жұмыс:

1. Табиғат деген не? Нешеге бөлінеді?
2. Өлі табиғатқа не жатады?
3. Тірі табиғатқа не жатады?
4. Жануар қандай топтарға бөлінеді?
5. Сүтқоректі, қосмекенді және жорғалаушы, бунақденелілер, балық, құстар туралы не білесің?
Үй тапсырмасын тексеруге семантикалық картамен жұмыс жасадық
Семантикалық карта №1 Қандай топқа жатады?
Жануарлардың аттары --- Бунақденелілер --Балықтар --- Қосмекенділер --- Құстар -- Сүтқоректілер
Қоян
Бүркіт
Жылан
Бақа

Бекіре
Көбелек
Шегіртке

Бақа
Тасбақа
Сауысқан
Ақбөкен

Семантикалық карта №2
Немен қоректенеді?
р/с Жануарл/ң қоректенуі ---өсім/пен -----Ірі жануар/мен ----Бунақдене/мен ----Құспен, жәндікпен
1. Бұғы
2. Қасқыр
3. Кесіртке
4. Аю
5. Түлкі

3. Аңдардың тіршілігі
4. Тиіннің азық қоры.

5. Тиін туралы қандай тақпақ, өлеңдер білесіңдер?
Мен тиінмін, тиінмін,
Қысқа жылы киіндім.
Қоймам толы жаңғаққа,
Іші жылы үйімнің.
Сергіту сәті:
Шықты тышқан інінен,
Сағат неше болды деп?
Бауын тартып қалып еді
Сағат даңғыр етті, Тышқан ініне зытты.(Сабақтың уақытын ескерту)

Жаңа сабақ:«Тышқанның зияны»- оқушыларға оқыту. Оқыту техникасын көрсету.
1. Тағы қандай егістікке зиян тигізетін тышқандарды білесіңдер?(Саршұнақ, егеуқұйрық)
2. Ауыл адамдары қандай күрес жүргізуде?
3. Тышқанның жауы: Ақкіс, жапалақ, жарғанат туралы айту.

Қорытынды: Сөзжұмбақ (Тышқан )
1. Саңырауқұлақты кептіруді қай жануардан үйрендік? (Тиін)
2. Қазақ елінің символы, биік тауда болатын аң? (Барыс)
3. Масаққа ұясын толтыратын, егістікке зиян келтіретін қай аң? (Саршұнақ)
4. Құйрығына сай атауы бар зиянкес жануар? (Егеуқұйрық)
5. Майын қорек етіп ұйықтайтын аң? (Аю)
6. Азық қорын дайындамайтын аң? (Қоян)
Үйге тапсырма:

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама