Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Сиыр цепені жалпақ таспа құрттардың өкілі
Биология пәні мұғалімі Бақытқызы Әсел

Сабақтың тақырыбы: Сиыр цепені жалпақ таспа құрттардың өкілі

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Көпжасушалылардың өкілі жалпақ құрттардың құрылым ерекшеліктерін, маңызын таныту;
Дамытушылық: Жалпақ құрттардың таралу жолдары, сақтық шаралары, пайда – зияны туралы алған білімін одан әрі қолданып, қосымша ақпарат көздері арқылы ізденіс дағдысын қалыптастыру;
Тәрбиелік: Көпжасушалы жануарлар туралы алған білімдерін қолдану арқылы жалпақ құрттардың өкілдерін ажырата білуге үйрету;
Сабақтың түрі: жаңа білім қалыптастыру сабағы
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, тірек – сызбамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, тірек сызбалар, слайдтар.
Пәнаралық байланыс: гельминтология

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Жаңа сабақ
ІІІ. Бекіту (кестелер)
ІҮ. Қорытындылау
Ү. Үйге тапсырма

І. Ұйымдастыру бөлімі. Амандасу, сынып тазалығын тексеру, оқушыларды түлелдеу, жаңа сабаққа назар аударту.

ІІ. Жаңа сабақ:
Таспа құрттар класы
Жалпақ құрттардың көпшілігінің пішіні жапыраққа немесе таспаға ұқсас. Таспа тәрізді жалпақ құрттардың денесі бунақты. Бас бөлігінде бунақ болмайды. Жалпақ құрттардың ішекқуыстылардан айырмашылығы – денесі екі қабаттан емес, үш қабаттан тұрады. Ұрықтың дамуы кезінде эктодерма мен энтодерма аралығынан аралық жасушалы қабат – мезодерма пайда болады. Мезодермадан әр түрлі мүшелер мен мүшелер жүйесі түзіледі. Дене жабынын цилиндр тәрізді жасушалардан тұратын жабын ұлпасы – эпителий қаптайды. Эпителий жасушаларында кірпікшелер бар. Еркін жүзетін жалпақ құрттардың (мысалы, ақ сұлама) жабын жасушаларында да кірпікшелі жасушалар бар. Жалпақ құрттардың паразиттік жолмен тіршілік ететін түрлері де бар. Олардың дене жабынының құрылысы ерекше, эпителий ұлпасында жасуша болмайды, оны тығыз түзіліс қаптайды. Ол түзіліс сірқабық деп аталады. Сірқабық қорғаныш және тірек қызметін атқарады.

Жармасқақ
Бұлар – әсіресе жануарлардың және адамның ішкі мүшелерінде паразиттік ететін эндопаразит жәндіктер. Олардың денесі жалпақ, таспа тәрізді болғандықтан, класс таспа құрттар деп аталған. Паразиттік тіршілікке ерекше бейімделген құрттың бірі – сиыр цепені. Ересек цепень (жармасқақа)– адамның ішегінде, ал дернәсілдері мүйізді ірі қараның, яғни сиырдың денесінде дамиды. Бұл жәндік ішекке қармақшасымен және сорғыштарымен жармасып алады, сондықтан жармасқақ деп аталған. Дененің алдыңғы бөлігінде қысқа мойынды басы болады. Басында 4 дөңгелек сорғыштары бар. Дененің сыртын сірқабық қаптайды. Жүйке жүйесі басында жүйке жасушаларының жиынтығын түзіп, екі желілі жүйке құрттың денесін құйрығына дейін бойлай созылады. Оның көзі, асқорыту және тынысалу мүшелері, қанайналым жүйесі болмайды. Зәршығару жүйесі дененің ең соңғы бунағында екі өзектен қосылып, сыртқа ашылатын зәршығару түтіктерінен қүралады. Сиыр цепені – гермафродит жәндік. Сиыр цепенінің тіршілік әрекеті өте күрделі. Ол денесінде жұмыртқадан дернәсілдің екі түріне ауысады: біріншісі – қармақшалы дернәсіл; екіншісі – таспақұрттың көзге байқалмайтын, мойынға жалғасқан басы бар кішкене көпіршігі – финна.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама