Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Тест. Қазақ тілі 6 сынып
Қазақ тілі 6 сынып
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ. ІІ тоқсанда өткен тақырыптар бойынша тест жұмысы.
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
1. БІЛІМДІЛІК: өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім деңгейлерін тексеру.
2. ДАМЫТУШЫЛЫҚ: оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерінің жетілуіне жағдай жасау.
3. ТӘРБИЕЛІК: өз тілін құрметтей білуге ықпал ету.
САБАҚ ТҮРІ: қайталау сабақ.
ӘДІС – ТӘСІЛДЕРІ: сұрақ – жауап.
КӨРНЕКІЛІГІ: таратпа қағаздар.
САБАҚ БАРЫСЫ:

Сөз таптары
І нұсқа
Сын есімнің неше шырайы бар?
а. 4
ә. 3
б. 2

Күрделі сын есім жалқы есім ретінде қолданғанда қалай жазылады?
а. Бас әріппен
ә. Кіші әріппен
б. Сызықша арқылы

Дұрыс жазылған сын есімді көрсет.
а. Сарығылт
ә. Сарғылыт
б. Көгілдір

Асырмалы шырайда тұрған сөзді тап.
а. Қап – қалың
ә. Қалың
б. Аса қалың

Дұрыс жазылған есептік сан есімді көрсет.
20 дәптерлер
ә. 20 дәптер
б. 20 - дәптер

Бөлшектік сан есімді тап.
а. Оннан жеті
ә. Ондап
б. Ондаған

Заттың санын дәл атамай, шамалап көрсететін сан есімнің түрі ата?
а. Болжалдық сан есім
ә. Жинақтық сан есім
б. Топтау сан есім

Бүтін заттардың бөлшегін білдіретін сан есімнің түрі ата?
а. Бөлшектік сан есім
ә. Жинақтық сан есім
б. Топтау сан есім

Бәріне деген есімдік қай септікте тұр?
а. Барыс
ә. Жатыс
б. Табыс

Асты сызылған сөздің орнына тиісті есімдікті қой.
Үстелдің үстінде қағаз жатыр
а. ештеңе
ә. мынау
б. бірдеме

Дұрыс жазылған есімдікті көрсет.
Еш – бір
ә. Әр – қайсысы
б. Әлдекім

Қалау райдың жұрнақтарын көрсет.
а. ын, ін, н
ә. са, се
б. ғы, гі, қы, кі

Бастауыш болып тұрған үстеуді тап.
а. Ол сабаққа кешігіп келді
ә. Ертең сенбілік болады
б. Бүгін – ағамның туған күні

Туынды үстеуді белгіле.
а. Орысша
ә. Бұрын
б. Дереу

Заттың атын білдіретін сөз табын.............. дейміз.
а. сан есім
ә. зат есім
б. есімдік

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама